Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Лауазымы: Ақпараттық жұмыс департаментінің спичрайтері

Бөлісу

БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
Лауазымы: Ақпараттық жұмыс департаментінің спичрайтері

Білімі:
қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, дәрежесінің болуы: магистр / PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Жұмыс өтілі:
Тиісті бейіндегі ұйымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілі.

Тілдер:
Орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеру.

Дағдылар мен біліктер:
Талдамалық, ақпараттық немесе жария мәтіндерді дайындау бойынша жұмыс тәжірибесі (жақсырақ мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда немесе медиада). жазбаша және ауызша сауаттылық;

  • Сөйлеулерді, баяндамаларды, тезистерді, аналитикалық және анықтамалық материалдарды дайындау дағдылары.
  • Мемлекеттік ақпараттық саясат принциптерін, хаттамалық талаптарды және іскерлік стильді түсіну. Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу, талдау жүргізу және материалдарды құрылымдау.
  • Шектеулі мерзімде мәтіндерді жедел дайындау және редакциялау дағдылары.
  • Мәтіндік және презентациялық материалдарды дайындауға арналған компьютерлік бағдарламаларды меңгеру (мысалы, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint).

Жеке қасиеттері:
Жауапкершілік, сенімділік және ұсақ-түйекке мұқияттылық, жоғары этикалық мәдениет және Орталық құндылықтарына адалдық, кәсіби өзара іс-қимылда дипломатиялық және әдептілік, қарым-қатынасқа бейімділік, конструктивті диалогқа ашықтық және кері байланысты қабылдай білу.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Орталық басшылығы үшін жария сөз сөйлеулердің, баяндамалардың, үндеулердің және өзге де материалдардың мәтіндерін дайындау және редакциялық-талдамалық пысықтау.

  • Орталықтың қатысуымен өткізілетін іс-шараларға, оның ішінде халықаралық және хаттамалық іс-шараларға арналған тезистік, анықтамалық және ақпараттық-талдамалық материалдарды әзірлеу.
  • Мәтіндердің ішкі корпоративтік стандарттарға, стратегиялық құжаттарға және Орталықтың ресми ұстанымына сәйкестігін қамтамасыз ету.
  • Материалдарды мақсатты аудиторияны, іс-шараның мәртебесін, хаттамалық талаптарды және халықаралық күн тәртібін ескере отырып бейімдеу.
  • Құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау арқылы бастапқы деректерді жинау, жүйелеу және верификациялау, сондай-ақ олардың мәтіндерде дұрыс көрініс табуын қамтамасыз ету.
  • Орталық іс-шараларының сценарийлерін, тұжырымдамаларын және мазмұндық бөлігін әзірлеуге қатысу.
  • Ресми мәтіндерді, мәлімдемелерді, баспасөз материалдарын және өзге де құжаттарды редакциялау, түзету және стилистикалық біріздендіру.
  • Материалдар мен өзге де құжаттарды жедел пысықтау.
  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша материалдарды, оның ішінде қысқа мерзім ішінде жедел түрде пысықтау.
  • Дайындалатын материалдардың мазмұнын өзектендіру мақсатында қоғамдық-саяси, халықаралық және конфессияаралық күн тәртібіне мониторинг жүргізу.
  • Ақпаратпен жұмыс істеу барысында құпиялылық талаптарын, қызметтік әдеп қағидаларын және Орталықтың ішкі регламенттерін сақтау.