Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Лауазымы: Сыртқы байланыстар және ақпараттық жұмыс департаментінің консультанты

Бөлісу

Біліктілік талаптары:

  • Гуманитарлық, әлеуметтік немесе қоғамдық ғылымдар саласы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері:

  • Департаменттің қызметіне қатысты құжат жобаларын дайындауға қатысады;
  • Орталықтың әлеуметтік желілерін жүргізеді, контент әзірлейді, бейнероликтерді монтаждайды, іс-шараларды фотоға түсіреді;
  • Дінаралық және конфессияаралық тақырыптар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізеді, күнделікті жаңалықтар дайджестін дайындауға қатысады;
  • БАҚ, қоғамдық пікір көшбасшылары, діни бірлестік өкілдері және Орталықтың серіктестерімен бірлесіп жұмыс жүргізеді;
  • Іскерлік хат алмасуды жүргізеді, Департаменттің құжаттары мен хаттарын аударады;
  • Орталық қызметін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша Департаменттің жұмыс жоспарын және медиа-жоспарын іске асырады, оның ішінде әлеуметтік желілерді жүргізу және ілгерілету, контентті басқару және Орталықтың ресми сайтының жұмысын қамтамасыз ету;
  • Департаменттің ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмысына қатысты бюджеттік жоспарлауды дайындауға қатысады;
  • Орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Жеке қасиеттері:

  • Талдаушылық ойлау қабілеті және жүйелі тәсіл;
  • Жауапкершілік пен өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейі;
  • Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті;
  • Іскерлік коммуникация дағдылары;
  • Қысқа мерзімдер жағдайында жұмыс істеуге дайындық;
  • Жүктемеге төзімділік және ұқыптылық.

Резюме жіберу: job@iciid.org

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай:/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, 5 қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық пошта: job@iciid.org

Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.