Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 60-НҚ бұйрығына сәйкес, «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды (Бұдан әрі – Іріктеу).
- Құжаттарды қабылдау күні мен уақыты және орын:
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 18.00 сағ., 2026 жылғы 11 наурыз.
Іріктеу өтетін орны: Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс (каб. 685), телефон: 8 (7172) 74-13-34, email: a.ershorina@mki.gov.kz
- Пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы көрсетілген ұйымның атауы: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 57 үй, Бейбітшілік және Келісім үйі 5 этаж, тел: +7 (7172) 266-011; email: communications@iciid.org.
Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: 2018 жылдың қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушылар конфессияаралық және дінаралық диалог саласында қызмет атқаратын халықаралық орталық құру идеясын ұсынды. 2019 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 226 қаулысымен Халықаралық орталық құрылды. Веб-сайт: https://religions-congress.org/ru.
- Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) жоғары білімнің болуы;
2) Қоғамның тиісті бейініндегі Экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс өтілі немесе экономика/қаржы/басқару/құқық салаларындағы басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
3) азаматтық қоғам, дін немесе экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық салаларындағы қоғамдық бірлестіктерге және (немесе) қауымдастықтарға мүшелік;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы;
5) үміткер Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және ол директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) ондай тұлға болып табылмаған;
6) үміткер Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
7) үміткер Қоғамның немесе осы қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды тұлғаларына бағынышты болмаған және Қоғамның директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры лауазымына үміткер ретінде ұсынылғанға дейінгі үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағынышты болмаған;
8) үміткер мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
9) үміткер Қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылмайды және ол директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болып табылмаған;
10) үміткер аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспайды және ол директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келеді.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры немесе бақылау кеңесінің мүшесі ретінде:
1) Бұдан бұрын белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылға жетпейтін кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адамдар. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
2) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам сайланбайды.
- Іріктеуге қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні іріктеуді өткізу туралы хабарландыру Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Құжаттарды қабылдау Министрліктің және (немесе) қоғамның интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң аяқталады.
- Іріктеуге қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 319-НҚ бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш (орыс және қазақ тілдерінде);
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 319-НҚ бұйрығымен бекітілген нысан бойынша толтырылған үміткер туралы мәліметтер (орыс және қазақ тілдерінде);
3) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және үміткердің біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
5) жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған қызметтік тізім не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) оның азаматтық қоғам, мәдениет, дін, ақпарат немесе экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық салаларындағы қоғамдық бірлестіктерге және (немесе) қауымдастықтарға мүшелігін растайтын құжаттар;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Өтінім хабарландыруда көрсетілген мекенжайға немесе электрондық поштаға жіберіледі.
Құжаттар электрондық пошта арқылы ұсынылған жағдайда құжаттардың түпнұсқалары Министрлікке үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілгенге дейін 2 күн бұрын ұсынылады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын конвертке жапсырады, оны «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып, мөр қойылады.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімді мөрдегі ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануға;
2) «директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу жөніндегі конкурс (ұйымның атауы) және «____________ (хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімінде конкурстық өтінім мына мекенжай бойынша жіберіледі:
Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 - кіреберіс (685 – каб.), телефон: 8 (7172) 74-13-34, email: a.ershorina@mki.gov.kz
- Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күндері:
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні іріктеуді өткізу туралы хабарландыру Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Құжаттарды қабылдау Министрліктің және (немесе) қоғамның интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң аяқталады.
- Сыйақы төлеу шарттары:
Тәуелсіз директорге сыйақы төлеу қарастырылмаған.