Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Лауазымы: Съезд бастамаларын іске асыру департаментінің бас консультанты (негізгі қызметкердің уақытша болмауына байланысты).

Бөлісу

Лауазымы: Съезд бастамаларын іске асыру департаментінің бас консультанты (негізгі қызметкердің уақытша болмауына байланысты).

Білімі:
Гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қоғаммен байланыс, журналистика, халықаралық қатынастар, философия, мәдениеттану, саясаттану, халықаралық құқық, әлеуметтану салалары құпталады). Академиялық дәреженің (магистр) немесе ғылыми дәреженің (PhD докторы) болуы басымдық болып табылады. Шет тілдерін білу құпталады.

Жұмыс тәжірибесі:
Тиісті бейін бойынша ұйымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Тілдер:
Орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеру.

Дағдылар мен қабілеттер:
• Серіктестермен, оның ішінде дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы халықаралық ұйымдармен кәсіби коммуникация орната білу;
• Ресми хат алмасуды жүргізу (шақыру хаттары, құттықтау хаттары);
• Орталық қызметінің контекстінде тұжырымдамалық және талдамалық құжаттарды әзірлей білу;
• Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу, оны жүйелеу және негізгі басымдықтарды айқындай білу;
• Көп тапсырмалы режимде жұмыс істеу және мерзімдерді сақтау дағдылары.

Жеке қасиеттері:
Жауапкершілік, сенімділік және ұқыптылық, жоғары этикалық мәдениет және Орталық құндылықтарына адалдық, кәсіби өзара іс-қимылда дипломатиялық және әдептілік, коммуникабельділік, сындарлы диалогқа және кері байланысты қабылдауға ашықтық.

Жұмыс ерекшеліктері:
Лауазым іссапарларды (оның ішінде шетелге) көздейді.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
• Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съездерін және олардың институттарының отырыстарын ұйымдастыруға, дайындауға және өткізуге қатысу.
• Съездердің және секциялық отырыстардың негізгі және орталық тақырыптарын әзірлеу.
• Съездің және оның институттарының жаһандық күн тәртібінің мазмұны бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
• Съездің және оның институттарының қызметінің жобалық бағдарламаларын әзірлеу.
• Съездер мен отырыстарды өткізу регламенті мен тәртібі бойынша ұсыныстар дайындау.
• Аннотацияланған күн тәртібінің форматы мен мазмұнын әзірлеу.
• Съездің және оның институттарының қатысушыларының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
• Әлемдік діндер мен халықаралық ұйымдардың (соның ішінде БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ және т.б.) өкілдігі бойынша ұсыныстар дайындау.
• Съезді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу.
• Қатысушылар туралы ақпараттық-талдамалық материалдар мен өмірбаяндық анықтамалар дайындау.
• Съез қызметін ақпараттық сүйемелдеу (мақалалар, сұхбаттар, медиа-жоспарлар).
• Діни саясат мәселелері бойынша саяси басшылық пен мемлекеттік органдарға арналған талдамалық жазбалар дайындау.
• Дінаралық саммиттердің қорытындылары бойынша материалдар дайындау, оның ішінде Астана дінаралық саммиті.
• Ірі әлемдік діни орталықтармен және халықаралық ұйымдармен меморандумдар жасасу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

 

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай:/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, 5 қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық пошта: job@iciid.org

Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды