Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезі Xатшылығы IХ отырысының хаттамасы

Бөлісу

2009 жылғы 2-3-желтоқсанда Астана қаласында Қасым – Жомарт Тоқаев (Хатшы басшысы) Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығының IХ отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар: 

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ:

Мунказ Махмуд ас-Саккар – Дүниежүзілік ислам лигасының Ғылыми зерттеулер басқармасының қызметкері; 

Абдуль Баки Шекат Шукр – Ислам зерттеулері академиясының бас хатшысы (Египет);

доктор Маджид Абдулазиз ат-Турки – Ислам және шақыру істері министрлері конференциясының бас хатшысы, Сауд Арабиясы Корольдігі;

Мухаммад Абдельгани Морси Шама – Аль-Азхар университетінің профессоры, Египет Араб Республикасы вакуфтер министрінің өкілі; 

Мохамед Мустафа Бен Ель-Хадж – Ислам шақыруының Дүниежүзілік қауымдастық өкілі (Ливия); 

Мозафари Мохаммад Хусейн – Мәдениет және ислам байланысы ұйымының Келіссөз орталығының басшысы (Иран); 

Мохаммад Умар Гаутам – Джамиа Миллиа Исламиа Университетінің Исламдық зерттеулер факультетінің провессоры, Марказул Маариф оқу орталығының директоры (Үндістан); 

Мохаммад Зия-Уль-Хак – Халықаралық ислам университетінің Шариғат мәселесі департаментінің өкілі (Пәкістан); 

Калижан Занкоев – «Нұр Астана» орталық мешіттің бас имамы, Қазақстан мұсылмандарының рухани басқарма өкілі.

ХРИСТИАНДЫҚТАР ӨКІЛДЕРІ:

ФранцияМитрополит Эммануил, Константинопол экумен Патриархаты; 

Халед Акаше – Папа дінаралық келіссөз кеңесінің Ислам бойынша бас сарапшысы (Ватикан); 

Георгий Рощин – Шіркеу мен қоғамның өзара қатынасы бойынша Мәскеу Патриархаты бөлімінің төраға орынбасары, 

Александр Иевлев – протоиерей, Ресей Православие шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының баспасөз хатшысы; 

Ричард Аткинсон – Лестер қаласының архидъяконы, Англикан шіркеуінің өкілі; 

Новгородов Юрий Тимофеевич – Қазақстан Республикасында Евангелие -лютеран шіркеуінің епископы, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі; 

Жакенуд Роланд – Астана қаласында Әулие МарияАрхиепархиясының бас викарийі, Рим-Католик шіркеуі;

Маркос Ованнисян – епископ, Армян Апостол шіркеуінің Гегаркин Епархия шіркеуінің бастығы.

БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Цюй Цзюньчжун – Қытай буддистері қауымдастығының хатшы орынбасары; 

Ван Ли – Қытай буддистері қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері; 

Батчулуун Мунхбаатар – Гандантэгчэнлин (Моңғолия) монастрының қызметкері; Янг Ки Хун – Орталық Азияда «Чогечон» буддистер ұйымының зерттеулер институтының өкілі.

ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Мейр Дэнино – Израиль бас сефард раввинінің өкілі; 

Арье Хользер – Израильдің Бас ашкеназий раввинінің өкілі.

СИНТОИЗМ ӨКІЛІ:

Кацуджи Ивахаши – Синтоистік храм қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға маманы (Жапония), 

Юкусама Ацуми – Синтоистік храм қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық басқармасының өкілі.

ДАОСИЗМ ӨКІЛІ:

Фэн Хэ – Қытай даосистер қауымдастығының зерттеулер бөлімшесінің қызметкері.

ИНДУИЗМ ӨКІЛІ:

Лалита Намджоши – «Сомаия Бхаратия Санскрити Питам» Үндістан мәдениетін оқытушыларын дайындау ұйымы директорының орынбасары (Үндістан).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ:

Мәулен Әшімбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Съезд Хатшылығы басшысының орынбасары; 

Мұрат Нұртілеуов – Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының басшысы, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің үшінші съезін дайындау мен өткізу бойынша мемлекеттік комиссия хатшысы; 

Дулат Қуанышев – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі; 

Ардак Досжан – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін ісі комитетінің төрағасы; 

Айдар Әбуов – Халықаралық мәдениет және дін орталығының директоры.

Отырыста бақылаушы ретінде Эмберти Джаллорети – Әулие Эджидио қауымдастығының өкілі (Италия) қатысты.

Съезд Хатшылығының отырысы барысында мынадай күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің III Съезд қорытындысы бойынша пікір алмасу
  2. Хатшылық қызметі туралы
  3. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің IV Съезінің тақырыбы мен күн тәртібін, сондай-ақ өткізу мерзімдерін талқылау
  4. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығының X отырысын өткізу күнін анықтау
  5. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығының IX отырысының хаттамасын қабылдау

Хатшылық отырысының кезінде күн тәртібі бойынша жемісті пікір алмасу өтті. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша сөз талқысына Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.

Хатшылық отырысына қатысушылар ұсыныстарын есепке алып мынадай шешімдер қабылданды:   

1. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері III Съезінің қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар ұсыныстарын есепке қабылдау 

2. IV Съезінің күн тәртібі жобасы мен қорытынды құжаттарын дайындау үшін мынадай құрамда жұмысшы топ құру

1. Халед Акаше – Папа дінаралық келіссөз кеңесінің Ислам бойынша бас сарапшысы (Ватикан);

2. Мейр Дэнино – Израиль бас сефард раввинінің өкілі;

3. Мозафари Мохаммад Хусейн – Мәдениет және ислам байланысы ұйымының Келіссөз орталығының басшысы (Иран);

4. Новгородов Юрий Тимофеевич – Қазақстан Республикасында Евангелие -лютеран шіркеуінің епископы, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі;

5. Мохаммад Зия-Уль-Хак – Халықаралық ислам университетінің Шариғат мәселесі департаментінің өкілі (Пәкістан);

6. Мухаммад Абдельгани Морси Шама – Аль-Азхар университетінің профессоры, Египет Араб Республикасы вакуфтер министрінің өкілі;

7.Маджид Абдулазиз ат-Турки – Ислам және шақыру істері министрлері конференциясының бас хатшысы, Сауд Арабиясы Корольдігі;

8. Георгий Рощин – Шіркеу мен қоғамның өзара қатынасы бойынша Мәскеу Патриархаты бөлімінің төраға орынбасары;

9. Ричард Аткинсон – Лестер қаласының архидъяконы, Англикан шіркеуінің өкілі;

10. Кала Дханаджей Ачария – «Сомаия Бхаратия Санскрити Питам» Үндістан мәдениетін оқытушыларын дайындау ұйымы директоры;

11. Дулат Қуанышев – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі, үйлестіруші;

12. Айдар Әбуов – Халықаралық мәдениет және дін орталығының директоры

  1. Хатшылықтың барлық мүшелері жазбаша түрде жұмысшы топтың үйлестірушісіне IV Съезінің пленарлық және секциялық отырыстар тақырыбы бойынша ұсыныстар жіберуі керек.
  1. Жұмысшы топ IV Съезінің пленарлық және секциялық отырыстар тақырыбы бойынша ұсыныстарды қарастырсын және Хатшылықтың мүшелеріне X отырыс басталардан бұрын бір ай бұрын қарастыруға жіберсін.
  1. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығының Х отырысын өткізу күні мен орны 2011 жылы қыркүйек айында Астана қаласы болып анықталсын.
  1. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Төртінші Съезін өткізу күні ретінде 2012 жылғы қыркүйек айы анықталсын.

7. Дін лидерлеріне қабылданған шешімдер туралы хабарлансын.