Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Xатшылығының VІ отырыс хаттамасы

Бөлісу

2007 жылғы 18-19 қыркүйекте Астана қаласында Қасым - Жомарт Тоқаевтың (Хатшылық басшысы) төрағалық етуімен әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі Хатшылығының VІ - отырысы болып өтті.

Отырысқа мыналар қатысты:

Рапиль Жошыбаев - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары; 

Ералы Тогжанов - Әділет министрлігінің дін ісі бойынша комитет төрағасы, 

Дулат Куанышев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі.

Ислам өкілдері: 

Шейх Али Абдель Баки Шехата - Аль-Азхар (Египет) университетінің ислам зерттеулері бойынша бас хатшысы; 

Мухаммад Махмуд ас-Саккар - Дүниежүзілік Ислам лигасының кеңесшісі; 

Маджид Бен Абдель Азиз ат-Турки - Сауд Арабиясы Корольдігінің ислам, вакуфтар, үндеу және насихаттау ісі бойынша минист кеңесшісі; 

Шама Мухаммад Абдель Гани Морси - Египет Араб Республикасы Вакуфтар (дін ісі бойынша) министр кеңесшісі; 

Сейед Мохаммад Джавад Вазерифард - Зерттеу мәселелері бойынша мәдениет және ислам байланыстары бойынша ұйым директорының орынбасары (Иран);

Рози Мунир - «Надлатул Улама» Индонезия мұсылман ұйымы Төрағасының орынбасары; 

Ибрахим Али Рабу - Дүниежүзілік Ислам үндеуі қауымдастығының бас хатшылығының арнайы өкілі (Ливия); 

Мохаммад Умар Гаутам - Джамиа Миллиа Исламиа Университетінің Ислам зерттеу факультетінің процессоры, «Марказул Маариф» (Үндістан) білім орталығының директоры; 

Мухаммад Убейд Аль-Мазруи - Ислам мен вакуфтар ісі бойынша бас агенттіктің мешіттер ісі бойынша басқарма бастығы (Біріккен Араб Эмираттары); 

Калижан Занкоев - Нұр-Астана орталық мешітінің бас имамы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі.

Христиандықтар өкілі: 

Халед Акаше - Әулие Так дінаралық келіссөз кеңесінің ислам мәселесі бойынша бөлім жетекшісі (Ватикан); 

Александр Васютин - священник, Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің қызметкері; 

Юрий Новгородов - Қазақстан Республикасында Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі; 

Маркос Ованисян - епископ, Гегаркуник епархиясының жетекшісі.

Буддизм өкілдері: 

Ван Ли - Бүкіл Қытайлық Буддистер Қауымдастығының халықаралық бөлімінің қызметкері; 

Пра Дармокосоджарн - Махачулалонгкорнраджвидьялая университетінің ректоры (Таиланд); 

Янг Ки Хун - Орталық Азияда «Чогечон» (Оңтүстік Корея) буддистік ұйым өкілі (Ташкент); 

Хонхорин Бямбажав - Монғолия  Буддистік орталығының Гандантэгчинлэн монастырінің Да ламасы.

Иудаизм өкілдері: 

Элькана Холзер - Израильдің Бас Ашкеназийлік Раввин өкілі; 

Мейр Данино - Израильдің Бас Сефард Раввинінің өкілі.

Синтоизм өкілдері: 

Катцуджи Ивахаши - Синтоисттік храм қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға маманы (Жапония).

Даосизм өкілі: 

И Чжихуа - «Чжунго даоцзяо» журналының бас редакторының орынбасары, Бүкіл Қытай Даосистер Қауымдастығының қызметкері

Индуизм өкілі: 

Кала Дхананджая Ачария - «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» Үндістан мәдениеті мұғалімдерін дайындау бойынша ұйым директоры (Үндістан).

Халықаралық ұйымдар өкілдері: 

Штайн Вильюмстад - «Дүниежүзілік бейбітшілік үшін діндер конференциясы» Бас хатшысының орынбасары (АҚШ).

Отырыста қонақ ретінде мыналар қатысты: 

Томаш Пэта - Астана архиепископы; 

Архимандрит Серапион - Астана және Алматы Митрополиті орынбасары; 

Борис Манойленко - Қазақстанның бас раввинінің өкілі.

Съезд Хатшылығы отырысының барысында мынадай күн тәртібі талқыланды.

  1. Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезінің тақырыбы мен күн тәртібіне ұсыныстарды талқылау.
  2. Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезінің қорытынды құжаттарын дайындау бойынша жұмысшы топ құру.
  3. Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі Хатшылығының ҮІІ отырысын өткізу мерзімі мен орнын анықтау
  4. Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі Хатшылығының ҮІ отырыс хаттамасын қабылдау.  

Хатшылық отырысы кезінде күн тәртібі бойынша жемісті пікір алысу өтті. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша пікірталасқа Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.

Хатшылық отырысының қатысушыларының ұсыныстарын есепке алып мынадай шешім қабылданды:

I. Тақырып бойынша келіп түскен ұсыныстар қабылдансын (№ 1-қосымша) және олар мынадай бес тақырыптық бөлікке бөлінсін:

1) Адамгершілік құндылықтар;

2) Бейбітшілік және қауіпсіздік;

3) Қоршаған орта және үйлесімділік;

4) Шынайы келіссөз және ынтымақтастық;

5) Әділдікті алға жылжыту.

II. Жұмысшы топқа Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезінің күн тәртібін анықтау бойынша жұмысты жалғастыру жүктелсін.

III. Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезінің қорытынды құжаттарының жобасын дайындау үшін мына құрамда жұмысшы топ бекітілсін:

  1. Рапиль Жошыбаев,Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары - жұмысшы топ басшысы;
  2. Ералы Тогжанов, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін іс бойынша комитет төрағасы
  3. Дулат Куанышев,Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі;
  4. ШамаМухаммад Абдель Гани Морси - Египет Араб Республикасының Вакуфтар министрінің кеңесшісі (дін ісі бойынша);
  5. Халед Акаше- Әулие Тақ иесі Дінаралық келіссөз кеңесінің Ислам бойынша бөлім бастығы (Ватикан);
  6. Мейр Данино- Израильдің Бас Сефардтқ Раввин өкілі;
  7. Юрий Новгородов - Қазақстан Республикасында Евангелие - лютерандық шіркеу епископы, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі
  8. Маджид Абдель Азиз ат-Турки - Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам, вакуфтар, үндеу және насихаттау ісі бойынша министр кеңесшісі;
  9. Александр Васютин - священник, Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің қызметкері;
  10. Кала Дхананджая Ачария- «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» Үндістан мәдениеті мұғалімдерін даярлау бойынша ұйым директоры (Үндістан);
  11. Янг Ки Хун- Орталық Азияда «Чогечон» буддистік ұйым өкілі (Ташкент).

IV. Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі Хатшылығының VІІ отырысы 2008 жылғы 28-29 қазанда Алматы қаласында өткізілсін.