Қазақстан Республикасы Інжілдік- лютерандық шіркеуінің кафедралды соборы. Ғибадатхананың құрылысы 2015 жылдың мамырында басталды. 2017 жылғы 17 қыркүйекте Астанада Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің –
«Құтқарушы Мәсіхтің соборы» ғибадат нысаны ретінде ресми ашылды.
Кешен екі ғимараттан тұрады - ғибадатхананың өзі және жексенбілік мектеп, кітапханалар, қонақ бөлмелері және т.б. арналған үй-жайларды қамтитын үш қабатты ғимарат.
Ғибадатхананың жалпы сыйымдылығы 120 адамға дейін.