Мәдени бағдарлама

«Ырыскелді Қажы» мешіті

Бөлісу

Cәулеті ерекше мешіттердің бірі. Ғимарат дәстүрлі өрнектер мен сәндік элементтері бар, постмодерндік стильде салынған. Мешіттің сыртқы түрі төңкерілген лотос гүліне ұқсайды. Мешіттің солтүстігінде қасиетті қалам түріндегі мұнара орналасқан.

Мешіт тек сәулетімен ғана емес, толық энергетикалық автономиясымен де ерекше – күн панельдері түріндегі баламалы қуат көздері өзіне қажет мөлшерден үш есе көп электр энергиясын өндіреді.

Мешіттің құрылысы 2016 жылы басталып, 2018 жылы ашылды.