Мәдени бағдарлама

NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы

Бөлісу
1-ДЕҢГЕЙ: ҚАЗАҚСТАНМЕН ТАНЫСУ АЙМАҒЫ
Бұл аймақта Қазақстанның алуан түрлі және кең ландшафттары, мәдениеті, тарихы, бүгіні мен болашағы көрсетілген, сонымен қатар «Жасампаз қуат» аймағында энергетика саласындағы отандық ғалымдардың жетекші жобаларын, сондай-ақ қазақстандық материалтанымдық «Токамак» термоядролық реакторының моделін көруге болады.
2-ДЕҢГЕЙ: СУ ЭНЕРГИЯСЫ
Су энергиясын таныстыру судың көмегімен энергияның пайда болу процесін көрсететін бөгеттің инсталяциясынан басталады.
3-ДЕҢГЕЙ: КИНЕТИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ
Көрме келушілерді кинетикалық энергиямен байланысты тарихи артефактілермен таныстыратын динамикалық суреттері бар архив материалдарынан басталады.
4-ДЕҢГЕЙ: БИОМАССА ЭНЕРГИЯСЫ
4-деңгей күн энергиясының «қоймасы» болып табылатын биомассаның – дәнді дақылдардың түрлерін қамтитын жасыл панорамасы бар алаң түрінде ұсынылған.
5-ДЕҢГЕЙ: ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫ
Жел энергиясын көрсету келушілер желдің әртүрлі жылдамдығын сезіне алатын «Жел аллеясы» экспозициясынан басталады.
6-ДЕҢГЕЙ: КҮН ЭНЕРГИЯСЫ
6-деңгей келушілерді күн қуатын пайдаланудың әртүрлі тәсілдерімен таныстырады: ежелгі өркениеттер кезеңінде қолданған технологиялардан бастап қазіргі заманғы озық технологияларға дейін.
7-ДЕҢГЕЙ: ҒАРЫШ ЭНЕРГИЯСЫ
Ғарыш энергиясымен таныстыру ғарыштан қуат өндіру бойынша болашақты болжайтын жоспарлары мен идеялары бар ғылыми зерттеулерді көрсетуден басталады.
8-ДЕҢГЕЙ: БОЛАШАҚ АСТАНА
Келушілердің саяхаты 8-ші деңгейден басталады, онда олар 8 лифтпен көтеріле алады. Жоғары деңгейге жетіп, келуші Қазақстанның астанасы – болашақ 2050-жылғы Нұр-Сұлтан қаласының экспозициясымен танысады. Мүсіндік модель қаланың тұрақты дамуы мен экологиялық тиімділігі ескерілген болашаққа деген көзқарасын сипаттайды.