Мәдени бағдарлама

Інжіл-Лютеран шіркеуі

Бөлісу

2014 жылы қалалық билік органдары жаңа құрылыс салу үшін жер телімін бөлді. «Астана» инженерлік орталығы жоба әзірлеп, жобалық сараптамадан өтті. Жобаның бас сәулетшісі – Римма Слободская. 2015 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары басталды. 2015 жылдың 28 маусымында ғибадатхананы салу үшін жер жарықтандырылды.

Кешен екі ғимараттан тұрады. Ғибадатхананың кең және жарық жертөле қабаты бар. Жертөле қабатының үй-жайларында жастармен  және діни диакондық жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр.

Екінші үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында қоғамдық жұмыстарға арналған бөлме, жексенбілік мектеп, пастордың кеңсесі және кітапхана орналасады. Екінші қабатта Шіркеу әкімшілігі, мұрағат, семинарлар, кездесулер мен басқа іс-шараларға арналған оқу залдары бар.

Үшінші қабатта сегіз адамға арналған қонақ бөлмелері және шағын асхана орналасқан.

Інжіл-Лютеран шіркеуінің «Мәсіх» ғибадатханасы Іле және  Ш. Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғибадатхананың жалпы сыйымдылығы 120 адамға арналған.

2017 жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Евангелистік-Лютеран шіркеуі ғибадатханасының салтанатты ашылуы өтті.

Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Дін істері және азаматтық қоғам министрі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Ватикан, Ресей, АҚШ, Германия, Канада, Финляндия, Швеция елшілері, сондай-ақ Қазақстандағы лютеран қауымдастығының пасторлары, диакондары мен мүшелері қатысты.