Қаз

Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Тәпсірлер таңдаулысы» кітабының тұсаукесеріне қатысты

Бөлісу

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тәпсірлер таадаулысы» (Сафуатут-Тафасир) кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, ғалымдар, дінтанушылар, Қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Төрт томдық еңбек Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрді.

Кітапты шығарудың мақсаты – Құран Кәрімнің аяттарын дұрыс түсіндіру, жас азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру, дінаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға көмектесу.

Іс-шара аясында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед әл-Жинди мырзамен кездесті. Нұр-Мүбарак университетінің мыңжылдық тарихы бар әлемге әйгілі ал-Азхар университетінен бастау алуы – бұл конфессияаралық және дінаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиға. Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев өткізілуі биылға жоспарланған Съездің XIX Хатшылығына және 2022 жылға жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII Съезіне дайындық туралы хабарлады.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Жинди соңғы бір жарым айдағы дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Н.Назарбаев орталығының мақсатты және белсенді жұмысын жоғары бағалады.