ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІнің
XXIII ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
(2025 жылғы 16 қыркүйек, Астана қаласы)
ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ (7):
- Махмуд Седдик Хасан Абдунаби, Әл-Азһар университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми зерттеулер жөніндегі вице-президенті (Мысыр).
- Абдулрахман Әл-Заид, Дүниежүзілік ислам лигасы бас хатшысының орынбасары (САК).
- Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы (Әзербайжан).
- Шейх Мұхаммед ибн Абдулвахид Әл-Арифи, Сауд Арабиясы Корольдігінің (САК) Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрінің кеңесшісі.
- Усама Фахри, Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар министрлігінің Мешіттер және қасиетті Құран істері жөніндегі Орталық департаментінің басшысы, доктор (Мысыр),
- Али Акбар Зиаи, Иран Ислам Республикасы Президентінің жанындағы Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының жетекшісі, доктор (Иран).
- Мұхаммед Зия Үль-Хак, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры, доктор (Пәкістан).
ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ (5):
- Нектарий, Ыстамбұл қаласындағы қасиетті Иерусалим қаласы Патриархатының өкілі (Израиль).
- Илия Кашицын, Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің Дінаралық қатынастар жөніндегі хатшысы, Ресей Дінаралық кеңесінің атқарушы хатшысы, дін қызметшісі (Ресей).
- Лоран Басанезе, Қасиетті Тақтың дінаралық диалог бойынша Ислам Дикастерия мәселелері жөніндегі бюросының басшысы (Ватикан).
- Ростислав Новгородов, Қазақстан Республикасындағы Інжіл-лютеран шіркеуінің жетекшісі, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі (Швейцария).
- Джо Бэйли Уэллс, Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Англикан қауымдастығының епископтық қызметі мәселелері бойынша епископы (Ұлыбритания).
ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ (2):
- Шломо Кук, Израильдің Бас Ашкенази раввинінің өкілі, раввин (Израиль).
- Давид Антеби Сакка, Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі, раввин (Израиль).
БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ (4):
- Цзин Бо, Қытай буддистер қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қытай буддистер қауымдастығының ресми өкілі (Қытай).
- Мунджонг, «Чогие» корей буддистік орденінің Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің мүшесі (Корея Республикасы).
ИНДУИЗМ ӨКІЛІ (1):
- Самир Шантилал Сомайя, «Сомайя Видьявихар» президенті (Үндістан).
ДАОСИЗМ ӨКІЛІ (1):
- Ли Гуанфу, Қытай даосистері ассоциациясының төрағасы. (Қытай).
СИНТОИЗМ ӨКІЛІ (1):
- Сачико Иитсука, «Джинджя Хонче» синтои храмдар қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі басқармасының төрағасы (Жапония).
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ (2):
- Нихал Саад, БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры (АҚШ).
- Мұхаммед Әбдел Салам, Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы (БАӘ).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ (4):
- Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
- Геннадий, Қаскелең епископы, Астана епархиясының викариі, Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің істері жөніндегі әкімшісі.
- Томаш Бернард Пэта, Астана қаласындағы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископ-митрополиті.
- Ешая Элазар Коген, Қазақстанның бас раввині.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ (6):
- Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы.
- Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- Ақан Рахметуллин, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
- Қанат Ысқақов, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
- Гүлсана Қожабай, «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрайымы.
- Болат Сәрсенбаев, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерлету жөніндегі уәкіл.