Қаз

III Съез

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

2 шілде 2009 ж.

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезі өз жұмысын аяқтады.

Сіздер екі күн бойы бейбітшілік пен діндер арасындағы келісімді нығайту жолдары туралы көкейтесті мәселелерді талқыладыңыздар.

Бұл басқосулар сындарлы жағдайда өтті. Соның нәтижесінде Съезге қатысушылар тарапынан Үндеу қабылданды, онда діндер диалогын кеңейту және жалғастыра беру туралы ортақ тілектеріңіз көрініс тауып отыр.


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасы, Астана қ.
1-2 маусым 2009 ж.

Құрметті съезге қатысушылар!

Мәртебелі меймандар!

Құшағы кең, қонақжай қазақ жеріне келген қадамдарыңыз құтты болсын!

Астанада үшінші рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақыруымызды қабыл алып, бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырған сіздердің баршаларыңызға қазақстандықтар атынан шынайы ризашылығымды білдіремін.