Қаз

II Съез

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

13 қыркүйек 2006 ж.

Құрметті Съезге қатысушылар, қымбатты қонақтар!

Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үнемі әрекет ететін беделді халықаралық форумға айналып бара жатқанын қуанышпен атап кеткім келеді. Бұл – конфессионалдық келіссөз бастамасы барынша қажетті және халықаралық өмірдің нақты факторы болып қалатынын білдіреді.

Сондықтан Съезге қатысушылардың дінаралық келіссөздің әмбебап қағидаттарына бірыңғай түсіністікпен келіп, оларды мақұлдағаны ерекше маңызға ие.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезінің ашылуында сөйлегенсөзі

12 қыркүйек 2006 ж.

Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, 2 съезд қонақтары!

Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр-шапағаты мол сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз бүгін Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның жас елордасы – Астанада тағы да жүздесіп отырмыз. Бар күш-жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік нұрын таратып жүрген Сіздермен кездесіп отырғаныма бек қуаныштымын.

Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ жеріне «Қош келдіңіздер!» деймін.