Қаз

Баяндамалары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезінің ашылуында сөйлегенсөзі

Бөлісу

12 қыркүйек 2006 ж.

Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, 2 съезд қонақтары!

Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр-шапағаты мол сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз бүгін Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның жас елордасы – Астанада тағы да жүздесіп отырмыз. Бар күш-жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік нұрын таратып жүрген Сіздермен кездесіп отырғаныма бек қуаныштымын.

Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ жеріне «Қош келдіңіздер!» деймін.

Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес. Өйткені тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік.Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр.

Осындайлық өкілетті форум Астана аспанының астында осымен екінші рет өткелі отыр. Мен Сіздерді құттықтаймын және біздің мәртебелі қонақтарға өзімнің ықыласым мен алғыс сезімімді білдіргім келеді. Біздің бірінші форумда салынатыны туралы мен айтқан Бейбітшілік жөне келісім сарайы бүгін алғаш рет сіздерге есігін айқара ашты.

Осында, Астанада, 2003 жылы болған Әлемдік жөне дәстүрлі діндердің бірінші съезі бүкіл әлемнің назарын аударды. Оған дейін конфессиялардың өкілеттігі жөнінен сондайлық әмбебап форум болған емес. Астанадағы сол жолғы кездесу діндердің жаһандықүнкатысуы, өңірлікте, сол секілді өлемдік те ауқымдағы түрлі форумдар, конференциялар үшін айтарлықтай серпін берді.

Бүгін біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезінашып отырмыз. Егер үш жыл бұрын біздің форумға 17 конфессиялық делегация қатысқан болса, бұл жолғы Съезге енді 29 делегация қатысуда. Бұл өзгеріс атап айтарлықтай және біздің форумның беделініңөсе түскенін бейнелейді. Ол біздің өзара түсіністік, қазіргі дүние туындатып отырған күрделі сұрақтарға жауаптарды бірлесе іздеу жолымен келе жатқанымызды білдіреді.

Бірінші форумнан бері өткен уақытта дінаралық үнқатысудың мәні тек қана өсе түсті. Өкінішке орай, осы жылдары әлемнің барлық дерлік континенттерінің аумағында болған көптеген қайғылы оқиғалар сандаған жанжалдарды бір ғана саяси немесе күш қолдану шараларымен шешу мүмкін еместігін тікелей де тиянақты түрде көрсетіп берді.

Бұл ғана емес, «Құдайды іздеу» пердесін жамылып, барша ұлы ұстаздар айыптайтын шын мәніндегі үрейлі әрекеттер жасалуда. Екінші жағынан, белгілі бір дінді агрессияшыл деп айыптаудың біржақты әдеті айқын әлпетке көшті.

Осынау өзара үзілді-кесілділік бәсеңдейтін емес. Дегенмен өркениетті адам – бұл кейде өз көзқарастарына күмән келтіріп, жағдайға басқа көзбен қарауға қабілетті адам. Мұның өзі кей кезде саясатшыларда жетісе бермейді. Бірақ та жаңағыдай қасиеттер биік руханият адамдарын, оның үстіне бүтін осынау тамаша залда отырған адамдарды әрдайым даралап тұрады.

Біз кей-кейде бір ұлы діни қағидат туралы, ой-ниетте, сөз бен әрекетте күштемеу қағидатытуралы ұмыта береміз. Бірақ та осынау бағзы қағидаттың астарында әбден осы заманғы нәрселер тұрады.

Адамның ой-ниеттерге, көңіл-күйге, алаңдаушылықтар мен күмәнданушылықтарға толы ішкі жан-дүниесі – бұл рухани жан-дүние, діни ізденістер жан-дүниесі. Күн күркірегендей жаңғырығы бар телевизия, интернет пен баспасөз – бұл сол баяғы сөз. Ал әрекет – осы ой-ниеттер мен сөздерді іс-қимылға айналдыратын саясатшылардың саласы. Діни доктрина деңгейінде, медиа құралдар деңгейінде және саяси іс-әрекет деңгейінде күштеуден бас тарту ғана осы заманғы дүниеде аман қалудың нақты негіздері болып табылады.

Солай болса-дағы барлық үш деңгейде өсіп бара жатқан агрессияшылдық айқын байқалады.Дінқайраткерлері бірдінніңекіншісінен артықшылығытуралышындап байсалды пікір білдіре бастаса, оңдажанжал әу бастан қалыптасқаны айқын болады.Бұқаралық ақпарат құралдарыбасқа діндегілердің қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, ондабұл журналистердің ерте ме, кеш пе өз нанымдарыныңқорлануыменбетпе-беткелетіні айқын болады.Саясатшылар этнодіни жанжалдарды шешудің күштеуәдісін қолдануға еш шімірікпестен бұйрық берсе,соғыс олардың өз үйлерінің табалдырығына келетіні айқын болады. Бұл үштағанда агрессияшыл жақ болмауы тиіс. Бірақ та оның негізіндегі дін қайраткерлерінің ұстанымында агрессияшылдық жоқ болуы тиіс.

Жанжалдарға толы әлемдегі осы заманғы үнқатысу көп ретте саңыраудың мылқаумен үнқатысуын жиі еске салады. Мұнда үнқатысуға деген еш мұқтаждықжоқ, содан кейін тараптар тағы да өзінің даусыз дұрыстығына сеніп тарасады.

Меніңше, түрлі салаларда жұмыс істеп жатқан қағидаттар бұл салада да жұмыс істей алар еді. Меноларды түсіністік қағидаттарыдепатар едім.

Бұл әлі үнқатысу емес, бұл оны бастау үшін негіз. Бірақ та мұндай негіз болмаса, кез келген үнқатысу уақытты зая кетіруге айналады.

Біріншіден, алдын ала кесіп-пішусіздік,өзарақабылдаудың ғасырлар бойы қалыптасқан қасаңдықтарынан бас тарту.Келеңсіз касаңдықтардан бас тартпайынша, үнқатысуға кірісудің қажеттігі жоқ. Қазақстанның ұзақ та қасіретті тарихында қаскөйлік пен қантөгістің мысалдары аз емес. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отыз жылында қазақтардың үштен біріне жуығы қырып-жойылды, сұмдық қиын жағдайларда опат болды немесе шетелге эмиграцияға кетті. Мұның бәрі біздің есімізде, бірақ та мұны өшпенділік пен өштесудің тақырыбы жасаған емеспіз. Тарихи қасаңдықтардың қауіптілігі көп ретте мынада болады: олар тіпті өділ бола тұра ізгілікке емес, жауыздыққа шақырады. Бүгінгі дүниеде жаңа түскен жарақаттар мен құрбандықтар тым көп. Бірақ та мендегі саясатшы тәжірибесі бір нәрсе туралы өз қасаңдықтарыңнан өте алу қажеттігі туралы айтады.

Екіншіден,басқаның тылсымсаласына баса-көктеп кіруден саналы түрдебастарту.Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Бұл – қарапайым қағида, өкінішке орай, оны журналистер мен саясатшылар ғана емес, сонымен бірге басқа діндерге қатысты өз сөздеріне немқұрайды қарайтын дін қызметшілерінің өздері жиі бұзады.

Біз Қазақстанда 40-тан астам конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде деп жиі қайталаймыз. Және бұл жай айтылған сөз емес – соңғы 15 жылда сіздер бір де бір қазақстандық газеттен немесе телеарнадан белгілі бір дінді ұстанушылардың сезімдерін қорлауды көре алмайсыз. Бұған ел Конституциясы тыйым салады. Бұл ретте осы жылдары ешкімді жазалауға тура келген жоқ. Жауабы мен түсініктемесі қарапайым ғана – қоғамда тұтастай алғанда барлық діндарларға төзімділік пен түсіністік ахуалы қалыптасты.

Үшіншіден, әлемдік және дәстүрлі діндердіңжаңа, қалыпты емесқатерлергебірлескен жауабы.Егер саясат әлемінде мұндай қалыпты емес қатерлер лаңкестікпен, жаппай қырып-жою қаруының таралуымен, трансшекаралық қылмыспен байланысты болса, рухани дүниеде бұдан әлдеқайда іргелі қатер туындауда. Бұл – мыңжылдық рухани дәстүрлерден қолүзушілік. Бұл құбылыс сенім-нанымға қарамастан, барлық континенттерде болып жатыр. Бұл – жиырмасыншы ғасырдың байырғы бейбіт секуляризмі немесе қарабайыр атеизмі емес.Бұл – әлемдік діндердің дәстүрлерімен байланыстыруханият тұрпатын түбегейлі жокқа шығарушылық.Осы заманғы діни институттардың негізінбұзыптастауы мүмкін бұлқатердітүсінбеушілік даудыңәлдеқашан жоғалтқан өзектілігін туындатады.Осы заманғы әлемдегі рухани ахуал өте өзгермелі және қалай дегенде де қоғамның бір бөлігі болып табылатын діни институттар жаңа тәуекелдерді және өз болмыстарының ең негіздеріне төнетін қатерлерді ескеруге мөжбүр.

Бұл қағидаттар өзіндік біртүсіністік өзегінқұрай алар еді.

Адам қызметінің кез келген саласында кейбір ең ортақ қағидат бар. Өзінің формасы жағынан саяси үнқатысуға жақын, бірақ та мазмұны бойынша шексіз терең діни үнқатысу саласында мынадай айқындама сондай қағидат бола алар еді:«Үнқатысу үшін негізді құдіреттіктегі пенделік арқылыемес, пендедегіқұдіреттік арқылыіздеу».Бұл қағидаттың бүкіл абстрактылығына қарамастан, ол өте маңызды.

Шын мәнінде көптеген діни доктриналардың сыйыспаушылығы құдіреттіктен емес, пенделіктен туындаған. Бүкіл әлемдік діндердің Құдайдың жалғыз екендігін мойындауы мұны айқын көрсетіп отыр.

Басқа да себеп бар. Барлық ұлы діндер елеулі рухани өзгеру, Құдай алдында адамның өзінің кішкентай «менін» ұмытуы туралы айтуда.

Ақырында, барлық ұлы рухани ұстаздар өркөкіректіктің, бәрін де білемін деген өркөкіректіктің айрықша қауіптілігі туралы айтқан. Құдай сөзін адамдарға бәрінен де жақсы жеткіземін деп кім айта алсын? Меніңше, мұның өзі нақ сол күнә болып шығады.

Практикалық тұрғыда бұл қағидаттың ерекше рөлімынада, өз дінінің басты құндылықтарын бұзбастан, қалай болғандада дүниеге басқа руханиперспективаларды ескере отырып қарау керек.Саясатшылар өздерінің іс-қимылдарында кейбір терең діни постулаттардың, оларды түсінгендеріне немесе түсінбегендеріне қарамастан, жетегінде кететініне әбден сенімдімін. Сондықтан әлемнің діни лидерлерінің басқа діни жүйелерден пенделікті емес, құдіреттікті іздеу қағидатын ұстануға әзірлігі әлемдегі әлдеқайда ізгі саяси іс-қимылдардың негізі бола алады.

Діни төзімсіздіктің өсуі – бір жағынан жаһанданудың нәтижесі. Түрлі мәдениеттер мен діндердің орасан зор болмыстары тікелей қатынасқа түсті. Бәрі көші-қон, телевизия, мәдени модельдер арқылы араласып кетті. Жаһандану жаһандық экономикалық әділетсіздікке көзімізді ашты.Миллиардтаған азып-тозған адамдаросы заманғыәлемде қалай өмір сүруге болатынын көрді және оларешқашан солай өмір сүрмейтінін түсінді.

Осындай жағдайда өзіндік бір «рухани қашу» жүріп жатыр. Бірақ та бұл «Құдайға қашу емес», «нақтылықтан қашу» еді. Бәрі де, дін Құдайды іздеу емес, өзіңнің осы заманғы әлемге, оның әділетсіздігіне деген жеккөрушілігіңді ақтаудың айқындамасын іздеуге айналғанда, жаңа мәдени талдырумен аяқталуы кәміл. Уақыт шынында да кері кетуі мүмкін. Бір ғана саяси акциялармен осынау жаһандық мәдени тығырықтан шыға алмайсың. Мұнда рухани ұстаздардың рөлі шешуші болады.

Халықты саяси жұмылдыру үшін дінді пайдалану – бұл тарихта сан рет қайталанған қадам. Әрдайым қасіретпен аяқталған қадам.Әлемдік және дәстүрлідіндерлидерлерінің айрықша жауапкершілігі мынада, діни уағыздар саяси жанжалдарға бастамасын, олардымемлекеттік құрылымдар мен астыртын ұйымдарөздерінің құдірет ісінен алыс міндеттерін шешу үшінпайдаланбасын.

Кез келген шынайы мәдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр. Нанымға негізделген мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы өзінің жанды сөзін сақтаған. Кейбір тұрғьда өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады. Әлбетте, дүние ешқашан бір өркениетті жобаның негізінде құрылмайды. Біздер, саясатшылар үшін тарихтың, соның ішінде осы заман тарихының бұл түйінді элементін түсіну өте маңызды. Дүние жаңа ғасырдың алты жылындағы ауыр күйзелістерден кейін, жаһандық лаңкестіктен кейін, көз алдымызда өсіп бара жатқан ядролық қарудың таралу қатерінен кейін, аса ауыр адам кұрбандықтарынан кейін жай ғана бір фактіні түсінуге жеткен сияқты. Атап айтқанда, дүниеніңмәдени және діни саналуандылығы бұл нақтылық, оны адамзат баласының болмысы ретінде түсініп,қабылдау керек. Саясатшылардың кезкелген басқа көзқарасы дүниеде жарылыс туғызуы мүмкін.

Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын басқа мәдениеттерге таңу ниеті, басқаның сызғыштары бойынша қоғамдық қатынастарды құру әрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал мәдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады. Басқа халықтардың тарихи дәстүрлеріне деген кұрмет қана, өркениеттердің, діндер мен халықтардың қатынасындағы әділдік пен шынайылық қана келісім мен имандылық әлемін кұруға қабілетті.

Адам деген өзінің шешілмеген мәселелерін көк жүзіне апарып тіреп қоюға бейім тұрады. Сонымен бірге қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп.Діндер арасындағы жанжалдармен қарама-қайшылықтар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді. Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.

Дінаралық үнқатысуға қол жеткізу үшін бүгінгі күннің мөселелерінен бойды аулақ салуға болмайды. Егер бұрын әңгіме діндердің тарихтың ұзына бойында кейде келісіп, кейде кетісіп жүруі жөнінде қозғалса, қазіргі әңгіме діни және зайырлы әлемдердің жаһандық үнқатысуы жөнінде қозғалып отыр.

Осы заманғы қоғам ұзақ эволюциялық даму барысында аса байыпты үш қағидатты қалыптастырды. Олар – жеке тұлғаның ішкі бостандығы, меншіктің қорғалуы, қоғам мен мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау. Алайда бұл қағидаттарды мойындамайтын саяси идеологиялар да бар. Бүгінгі дәуірдің көптеген геосаяси қиян-кескі шайқастары осы қарама-қайшылыққа шырматыла байланған. Мәселе діндердің жанжалында емес, дінге қатысы жоқ құндылықтардың жанжалы жөнінде болып отырғанын мойындайтын уақыт жетті.

Қазақстан өзінің нақтылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады. Тап сондықтан да, тарихи тұрғыдан исламның мәдени материгінің бір бөлігі бола тұра, біз Қазақстандағы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.

Мемлекет, ұлт немесе дін бөгде мәдени кеңістікті басып алу, жаулап алу тұрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің әулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі – жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған кұтқарушы сүзгі сынды. Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Қазақстанда діни қарым-қатынастар саласында сарабдал мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұл саясат мынандай негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Мен оларды келісім қағидаттары деп атаған болар едім.

Біріншіден, бұл ар-ождан және діни сенім бостандығын заңдық және институттық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Конституция деңгейінде конфессиялық және басқа да әлеуметтік белгілері бойынша кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады. «Қазақстан Республикасындағы ар-ождан және діни сенім бостандығы туралы» Заң діни бірлестіктердің емін-еркін қызмет етуі үшін барлық құқықтық негіздерді қалыптастырып берді. Еліміз адам құқығын қорғау саласында қырықтан астам халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылды, олардың арасында БҰҰ-ның осы саладағы іргелі пактілері де бар.

Екіншіден, біз мемлекеттің конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасау жөніндегі міндеттілігін басшылыққа аламыз. Дін саласын ырықтандыру діни мекемелердің санын күрт өсірді – олардың саны тәуелсіздік жылдарында бес есе артты.

Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санайды. Сонымен бірге исламның Казақстанда басымдыққа ие болуы басқа діндерді ұстанушылардың өздерінің әдет-ғұрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтірмейтінін қадап айтамын.

Мұсылмандықтан өзге конфессиялардың діни мекемелерінің санының өсуі назар аудартады. Тәуелсіздік жылдарында православие дін орындарының саны төрт есе, католик шіркеулерінің саны екі есе өсті. Протестанттар бірлестіктерінің мыңнан астам миссиялары мен мінәжат үйлері жұмыс істейді, елде сондай-ақ 21 иудей қауымдастығы бар, көптеген ғасырлардың ішінде алғаш рет будда храмы тұрғызылды.

Үшіншіден, Қазақстандағы конфессияаралық үнқатысуды ынталандырып отыру біздің жұмысымыздағы маңызды бағыт болып табылады.

Біз ұлтаралық және дінаралық үнқатысудың Қазақстан халықтарының Ассамблеясы сынды бірегей институтын құрдық.

Бұған қоса биылғы жылдан бастап біз өз тарихымызда алғаш рет дінге сенушілер ғибадаттық іс-шараларын толыққанды атқара алатындай болуы үшін аса маңызды діни мерекелерді демалыс күндері деп жариялағанымызды да айтқым келеді

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі –Қазақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпыәлемдік үрдісіне қосқан үлесі.Бізді халықаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз.

«Құдайды іздеймін» деп каңғырып қалғандардың торына түспес үшін ерекше сақтық және біршама салауатты консерватизм керек. Саясаткер ретінде маған дәстүр мен жаңаны іздеушіліктің арасындағы үйлесімділіктің қажеттігі – басы ашық нәрсе. Алайда әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі рухани мұраны сақтау тұрғысында ғана аса ауқымды емес. Бұл арада ғасырлар бойы жинақталған рухани тәжірибе де бар, адамның ақыл-ойына сыймайтындай кейбір эксперименттерден сақтап қалар жалғыз күш те сол. Біз қазірдің өзіңде құдай іздеушіліктің оғаш, шектен шыққан түрлерінің, сондай-ақ гендік технология саласында дәстүрлі этика аумағынан асып кететін тәжірибелердің жаппай шабуылға шыққан шағын бастан кешіріп жатырмыз.Сондықтанда жаһандық өлшеммен қарағанда, әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп қана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді.

Мен біздің форум қабылдайтын құжаттардың мазмұнынан хабардармын. Сіздердің назарларыңызға қосымша бірнеше идеяларды ұсынғым келеді, олар алдын ала сипатқа ие және кейінірек бүгінгі кездесу шеңберінің сыртында талқылауға болатын идеялар.

Дін сөзінің бүгінгі әлемдегі маңызы арта түскенін ескере отырып, біз Қазақстанда 2000 жылдан бастап елдің басты телевизиялық арналарының бірінде тұрақты түрде «дін сағатын» жүргізе бастаймыз. Бұл арқылы дін көшбасшыларына миллиондаған адамдарға қайырымдылық пен діни төзімділік мінәжатын тікелей арнауға мүмкіндік беріледі. Осы залда отырған адамдардың және оларды қолдайтын діни институттардың аса биік беделін білгендіктен де, мен сіздерді өз елдеріңіздің үкіметтеріне осы үлгіні қолдау және Жер шарының барлық материктері мен құрлықтарында осыған ұқсас ғимараттар тұрғызу жөнінде ұсыныс жасауға шақырар едім.

Бейбітшілік пен келісім сарайын салдыра отырып, мен осынау қабырғалар қандай асқақ ойлы рух пірәдарларының сөзімен жаңғырығар екен деп арман еткен едім. Менің арманым орындалды. Алайда, жалғасын таппаған арман алысқа апармайды. Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін жылына бір рет қазақстандықтар алдында осы Сарайда құрметті дәріс оқу үшін ресми түрде шақырғым келеді. Егер исламның, христиандықтың, буддизмнің, индуизмнің, даосизмнің, иудаизмнің, конфуцийшілдіктің немесе синтоизмнің әлемдік лидерлері жыл сайын менің отандастарыма бейбітшілік пен келісім сөзін жеткізіп тұрар болса, мұның өзі Еуразияның аса бір жарқын рухани құбылысына айналар еді.

Бүкіл әлем астаналарының басты сәулеткерлік сәні қай кезде де соборлар, мешіттер, шіркеулер, храмдар, пагодалар болып келген. Бізде де солай. Алайда, жаңа мыңжылдықта дінаралық түсіністік сөз күйінде ғана қалмауға тиіс. Ол материалдық, архитектуралық пішінде өз көрінісін табуы керек. Біздің ойымызша, адам жанындағы және адамдардың жанының арасындағы бейбітшілік пен келісімнен маңызды рәміз болмақ емес. Жаңа ғасырдың басында Астана осындай архитектуралық рәміздің үлгісін көрсетіп отыр, сондықтан да біз, ерте ме, кеш пе, бүгін Қазақстанда діни лидерлері бас қосқан елдердің астаналарында өздерінің Бейбітшілік және келісім сарайлары салынады деп үміт етеміз.

Дінаралық қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ дінаралық үнқатысудың жаһандық сипаты Біріккен Ұлттар Ұйымы таяудағы жылдардың бірін діни және мәдени толеранттылық жылы етіп жариялайды деп айтуға мүмкіндік береді. Бұл бастама осы заманғы әлемнің көптеген елдерінің атынан айтыла алады деп ойлаймын.

Сөзімді қазақтың данышпан ойшылы Абайдың мына ойымен түйіндегім келеді:

"Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шықкан жерің, бармақжерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың – бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?".

Бұл сөздер осы форумға қатысушылардың бәрінің де көкейінен шығады деп ойлаймын.

Құрметті қонақтар!

Біз бүгін, адамзат баласына Жаратқан иеміз тарту еткен бірегей құндылықтар – өзара түсіністік, бейбіт өмір, берекелі тұрмыс пен ортақ мәмлеге қарай тағы бір ұлы қадам жасадық.

Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.

Байқап қарасаңыздар, соңғы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сондықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тәжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек.

Осындай ізгі мақсат жолындағы Сіздерге Жаратушымыздың рахманы мен рахымын тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!