Қаз

Съез

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғашқы рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын.

2003 жылы 13 ақпанда өтіп, діндер, мәдениеттер мен халықтардың жақындасуына маңызды рөл атқарған, христиан, мұсылман, еврей ұйымдары қаысқан Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөз сөйлеген Елбасы барлық конфессия өкілдеріне Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу инициативасын білдірді.

Қазақстан Президентінің Ватиканға сапарында алғашқылардың бірі болып Съез идеясына католик шіркеуінің өкілдері қолдау көрсетті.

СЪЕЗ МАҚСАТТАРЫ:

  • әлемдік және дәстүрлі діндер құрылымдарынан  жалпыадамзаттық бағдарларды іздеу;
  • діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдерді қабылдау үшін халықаралық конфессияаралық институттың ұдайы жұмыс істеуі;

СЪЕЗДІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ:

  • бейбітшілікті, келісім және төзімділікті адам өмір сүруінің қайтпас қағидаттары ретінде бекіту;
  • діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу;
  • адамдардың діни сезімдерін қақтығыстар мен әскери әрекеттерді өршіту мақсатында пайдалануға қарсы тұру.

СЪЕЗДІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • дінаралық және конфессияаралық дәстүрлерді дінаралық съездер түрінде нығайту;
  • келешек съездердің келісілген, жан-жақты және құзіретті идеологиясы мен тұжырымдамасын дайындау үшін Съездің ұдайы қызмет ететін органын құру;
  • діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуді бағытталған барлық халықаралық ұйымдар мен құрылымдармен ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік ету;
  • зайырлы және БАҚ өкілдерін, жастардың бірлестіктерін, ғылыми және шығармашылық интеллигенция тарту арқылы әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің диалогын кеңейту;
  • діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдету мен бекіту;
  • өшпенділік пен экстремизмге қарсы толеранттылық пен өзарасыйластық мәдениетін дамыту;
  • діндерді қарсы қоюда және теалогиялық пікір-таластарды әрі қарай саясаттандыруда, сондай ақ бір дін тарапынан екінші діннің беделін түсіруге талпыныста көрініс табатын «өркениеттер қақтығысы» тезисінің басым болуына жол бермеу;
  • өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық  диалогты ілгерілету.

СЪЕЗ ХРОНОЛОГИЯСЫ

Аатанада 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алты съезіне ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және өзге дәстүрлі діндер  басшылары мен көрнекті өкілдері қатысты.

Съездің диалогтық алаңдарында нәтижесінде дінаралық саммиттің бірлескен қорытынды құжаттары – әлем елдеріазаматтары, халықтары мен үкіметтеріне бағытталған Мәлімдемелер мен Үндеулер қабылданған діни қауымдастықтың рухани жақындасуы бойынша қанық және сындарлы сұхбаттар өткізіліп тұрады.