Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жас діни лидерлерінің ІІ Форумы

КОММЮНИКЕ

«БЕЙБІТШІЛІК ЖАСТАР ТАҢДАУЫ»

Біз, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі аясында өтетін Жас діни лидерлердің ІІ форумының қатысушылары, 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында әлемдегі конфессияаралық және мәдениаралық диалогты нығайтуға жастардың рөлін талқылау үшін жиналдық. 

Қазіргі әлем көптеген сын–қатерлермен, атап айтқанда геосаяси тұрақсыздық, қарулы қақтығыстар, климаттық дағдарыстар және әлеуметтік теңсіздікпен бетпе-бет келіп тұрғанын түсіне отырып, біз әлемдік бейбітшілік, өзара түсіністік және сындарлы бастамаларды ілгерілету үшін күш біріктіру қажеттілігін растаймыз. 

Жастардың тұрақты әрі әділ болашақты қалыптастыруға қабілетті құрушы күш екенін ескере отырып, біз білімімізді, күш–жігерлерімізді және лидерлік әлеуетімізді біріктіріп, әлемдік бейбітшілік, тұрақты даму және үйлесімді қатар өмір сүру басымдықтарын ілгерілету үшін пайдалануға дайынбыз. 

Біз төмендегі бес басымдықтарды негізге аламыз: 

  1. Жастар платформаларын дамыту:

Біз түрлі діндер мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің нығаюы үшін жастар форумдарын, білім беру бағдарламаларын, мәдени және конфессияаралық алмасуларды ұйымдастыру мен кеңейту арқылы қолдау көрсетеміз. 

  1. Рухани құндылықтарды насихаттау:

Біз төзімділік, мейірімділік, құрмет пен жауапкершілік сияқты универсалды құндылықтарға сүйеніп, жаһандық шақырулармен күресу мен бейбіт қоныс аударуды құру негізіне айналдыруға талпынамыз. 

  1. Креативті жобаларды іске асыру:

Әлеуметтік қолдау, қоршаған ортаны қорғау, инновациялық технологиялар және білім саласында жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруды көздейміз, соның ішінде осал топтар мен жергілікті қауымдастықтарға көмектесу. 

  1. Бейбітшілік үшін инновацияларды пайдалану:

Біз цифрлық платформалардан жасанды интеллектке дейінгі заманауи технологиялардың күшін танып, конфессияаралық диалог, рухани дипломатия және жаһандық өзара әрекеттесудің құралы ретінде пайдаланамыз. 

 

  1. Жаһандық ынтымақтастықты қолдау:

Біз халықаралық және өңірлік ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, азаматтық қоғам және діни бірлестіктермен өзара серіктестікті нығайтуға шақырамыз, тұрақты әрі инклюзивті әлем құру үшін. 

Біз дүниежүзілік қауымдастықты, соның ішінде діни және саяси көшбасшыларды, конфессияаралық диалог пен рухани дипломатияны дамытатын жастар бастамаларын қолдауға және кеңейтуге шақырамыз. 

Тек бірлесе іс-қимыл жасасақ қана әділ, бейбітшіл әрі тұрақты болашақты құра аламыз. 

Біз әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің сьезінің мақсаттары мен қағидаларына адал болуымызды растай отырып, діндер арасындағы өзара құрмет, диалог және ынтымақтастық негізінде тұрақты әлемнің ең маңызды тұғырлары екенін тағы да дәлелдейміз. 

 

***

  Осы Коммюнике Жас діни лидерлердің ІІ форумы делегаттарының көпшілігімен қабылданып, діни және саяси жетекшілерге, мемлекеттік органдарға, халықаралық және аймақтық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, діни бірлестіктер мен өзара мәдени және конфессияаралық өзара әрекеттесу саласындағы мамандарға бағытталды. 

 

Арманымыз орындалсын, бейбітшілік пен диалог жасасын! 

 

Қазақстан Республикасы

Астана қ.,

2025 жылғы 18 қыркүйек