Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтті
Бұл жаһандық дінаралық саммитті дайындау және ұйымдастырумен айналысатын тұрақты Жұмыс органы. Жиынға түрлі діни дәстүрлердің өкілдері қатысты.
Қатысушылар қоғамдардың сенімі мен ынтымағын нығайту үшін дінаралық диалогтың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті. Алдағы VIII Съездің күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітіп, рухани дипломатияны одан әрі ілгерілету жолдарын талқылады.
Теңгерімді, бейбіт және ынтымақтастыққа деген ұмтылысты көрсететін, Съездің Қорытынды тұжырымдамасының жобасына ерекше назар аударылды. Құжат мақұлданып, Хатшылықтың XXIII отырысында және одан кейінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде қарауға ұсынылды.