Қаз

Орталық туралы

2018 жылдың қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушылар Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығын құру идеясын ұсынды.

2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы құрылды.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері

  • өзара құрмет жағдайында барлық діндер арасында бейбітшілік пен келісімді орнатуға жәрдемдесу;
  • отандық және шетелдік діни бірлестіктермен және олардың рухани көшбасшыларымен тұрақты негізде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен және т. б.) өзара қарым-қатынас жасау, дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу;
  • әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, Съезд Хатшылығының және жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған дін мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар мен конкурстар ұйымдастыру және дайындауға қатысу;
  • әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму серпінін талдауды жүзеге асыру;
  • шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптарға материалдар мониторингі;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесу және дін саласындағы, оның ішінде діни және өзге де экстремизмнің көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруда барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметіне қатысу;
  • конфессияаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілету.

2020 жылдың 26 мамырынан бастап орталықтың жанынан діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.

Институттың қызметі Қазақстан Республикасындағы діни ахуалға талдау және мониторинг жүргізуге, діни мазмұндағы материалдар бойынша дінтану сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған. Сонымен қатар Институт мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында ғылыми зерттеулермен айналысады. Институттың кітапхана қоры 2588 кітапты құрайды.