Қаз

Баяндамалары

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

Бөлісу

13 қыркүйек 2006 ж.

Құрметті Съезге қатысушылар, қымбатты қонақтар!

Мен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үнемі әрекет ететін беделді халықаралық форумға айналып бара жатқанын қуанышпен атап кеткім келеді. Бұл – конфессионалдық келіссөз бастамасы барынша қажетті және халықаралық өмірдің нақты факторы болып қалатынын білдіреді.

Сондықтан Съезге қатысушылардың дінаралық келіссөздің әмбебап қағидаттарына бірыңғай түсіністікпен келіп, оларды мақұлдағаны ерекше маңызға ие.

Олардың зор маңыздылығын ескеріп, оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына жіберуді ұсынамын.

Құрметті басшылардың баяндамалары, қол жеткізілген жарыссөз конфессия лидерлерінің келіссөзге даярлығын және оны төзімділік пен өзара сыйластық күйде өткізу ұмтылысын тағы бір көрсетіп кетті.

Съезге қатысушылардың дінаралық қатынастар саласында конфронтация идеологиясының зияндығы мен жалғандығы туралы тіке жарияланғаны өте маңызды. Ол діни экстремизмді өршітуге ұмтылып отырғандарға ғана керек. Бүгінгі күні діни экстремизм мен терроризм дәстүрлі емес және ұтымсыз идеялық қаруға айналып отырған экстремистік көзқарастың барынша жаңа жүйесінен күш алып отыр.

Бұдан бес жыл бұрын дүниені 2001 жылы 11 қыркүйектегі қасірет дүр сілкіндірді,АҚШ-тағы өзінің қатыгездігі жағынан сұмдық лаңкестік әрекеттер күш қолдану мен террорды уағыздайтын бүлдіруші күштердің қаншалықты қауіпті болатынын көрсетті. Біз дүниенің шетін әрі өзара байланысты екеніне тағы көз жеткіздік.

Содан кейін жаһандық қатердің алдында бүкіл әлем осынауқасіретке қарсы бірікті. Бүгінгі күні адамзаттың болашағы қандай болатыны бізге байланысты. Біз лаңкесшілдік идеологиясын тамырыменжойып, ізгіліктің жалпыадамзаттық құндылықтарын орнықтыру үшінбүкіл күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.

Сондықтан лаңкесшілдіктің бүлдіруші идеологиясына толеранттылық, келісім мен үнқатысу идеологиясын қарсы қою керек.

Біздің форумда күмәнді саяси мақсаттарды ақтау үшін діни идеологияны пайдалануды болдырмауға тиіспіз деген өте маңызды ой айтылды.

Мыңдаған жылдықтар дін жан-жүректе тыныштандырудың бастауы, халықтар мен мемлекеттер арасында өзара ықыластылықтың факторы қызметін атқарды. Діннің осындай әлеуетімен салыстыруға келетін бүгінгі дүниеде бір нәрсе бола қоймас.

Біздің форумның жұмысында маңызды орындыосы заманғы өркениеттің құндылықтарын сақтау және нығайту мақсатында дінаралық серіктестікті дамыту тақырыбы алды. Әңгіме діни сананың ізгілігі, діннің мәдени мұрасы, діни дәстүрлердің саналуандығы, қағидаттық  тепе-теңдігі мен діни дәстүрлерді құрметтеу, рухани тәрбие мен тәлімгерлік секілді құндылықтар туралы болып отыр.

Барлық осынау аса маңызды тезистер Әлемдік және дәстүрлі  дін лидерлерінің Екінші Съезінің қабылданған Декларациясында көрініс тапты. Бұл құжатта «қарсы тұру идеологиясын» «бейбітшілік мәдениетімен» алмастыруға деген жаһандық қажеттілікжинақы тұрғыда көрініс тапты.

Мен мәдениет пен діндер үнқатысуын қамтамасыз етудегі Қазақстанның күш-жігерін, ұлттық, мәдени, діни төзімсіздікпен күрес жөніндегібіздің қызметімізді жоғары бағалаған Съезге қатысушыларға ризашылық білдіремін. Бұл әрдайымҚазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдылықтарының бірі болып қалады.

Осыған байланысты мен бүгінСъезд аясында Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығын құру туралы бастаманы хабарлағым келеді.

Діни және мәдени проблемалармен қатар Орталық ағартушылық ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асырып, әлемдегі діни ахуалдың мүмкін болатын жанжалдық жәйттерін зерттеумен айналысар еді.

Мұндай Орталықтың маңызды міндеті – халықаралық шаралардыөткізу және түрлі елдердің діни қайраткерлері мен саяси дегдарларының арасындағы  байланыстар мен өзара түсіністікке жәрдемдесу, кітаптар шығару.

Сіздердің ризашылықтарыңызбен Орталық таяудағы уақыттың өзінде жұмысын бастап, осында, Бейбітшілік пен келісім сарайында орналаса алар еді. Сіздер бұл бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін.

Сөзімді қорытындылай келе біздің ортақ мақсатымызға қол жеткізудегі –лайықты бүгініміз бен қауіпсіз болашағымызды қамтамасыз етудегі діни лидерлердің негіз құраушы ролін тағы да атап өткім келеді.

Делегациялардың басшылары мен барлық қатысушыларға сіздердің адамдарды жақындастырудың мәртебелі ісіне қосқан үлестеріңіз үшін және біздің форумға белсенді қолдау танытқандарыңыз үшін ризашылық сезімін білдіруге рұқсат етіңіздер. 

Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!