Талғат Жәрдемқұлұлы Жақиянов Конфессияаралық және дінаралық диалогтың Халықаралық Орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Талғат Жәрдемқұлұлының этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу, сондай-ақ дінаралық диалогты дамыту саласында көпжылдық тәжірибесі бар.
Талғат Жәрдемқұлұлын құттықтай отырып, жаңа қызметте толағай табыс тілейміз. Конфессияаралық келісімді нығайту және дінаралық диалогты дамыту жолындағы еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдіреміз.