Бүгін, 2025 жылдың 20 ақпанында, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында Басқарма Төрағасы міндетін атқарушы Марат Қалижанов пен Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Қазақстан мен ИИР арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, дінаралық диалог саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ биылғы қыркүйекте өтетін VIII Съезге ИИР делегациясының белсенді қатысу мәселесін қарастырды.
Тараптар мәдениаралық және дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ оны одан әрі дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендерін білдірді және халықаралық ынтымақтастық аясында Орталықтың базасында да, одан тыс жерлерде де ұйымдастырылуы мүмкін (офлайн және онлайн түрде) түрлі іс-шараларды – дөңгелек үстелдер, семинарлар мен дәрістер өткізудің маңыздылығын атап өтті.