Жаңалықтар

Бейбітшілік және келісім мұражайында «13 метаморфоза» тақырыбында көрме өтті

Бөлісу

2023 жылдың 23 маусымында Бейбітшілік және келісім сарайында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Астана қаласының Суретшілер одағы бірлесе, кескіндеме, графикалық, абстрактілі жұмыстар және сәндіқ -қолданбалы өнер жұмыстары қамтылған «13 метаморфоза» тақырыбында көрме өткізді. 

Көрменің мақсаты – өнердің негізгі қағидаларының қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай қолданылатынын көрсету.

Көрменің экспозициясына белгілі суретшілер: И.Ш. Ачилов, У.А.Тлеулиев, Р.А.Ахметжанова, А. Мусалимов, Е.С.Назаркул, Д.М.Кастеева, Г.М.Маханбетжанова, Б.Ш.Толеш, Қ.Жәйірбек, С.Ысқақбек, К.Д.Нурсадыков, Г.Омирзак, А.Т.Алидің суреттері көрсетілді.

Іс-шараға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сарсенбаев, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Ө.Ысмайылов, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі т.ғ.к. К.Ахметжанов, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Карстенс, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, діни бірлестік өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сарсенбаев суретшілерді осы шараның ашылуымен құттықтап, кәсіби қызметінде шығармашылық табыс тілей отыра: «Сіздердің туындыларыңыз адам тәжірибесінің толық спектрін және өмірдің сан қырлылығын көрсетіп, бізді жаңа әлеммен таныстырады. Сіздер үйлесімді және әдемі әлемді құруға ықпал ететін ең жақсы эмоцияларыңызбен және ойларыңызбен бөлісесіздер». 

«13 метаморфоза» көрмесі Бейбітшілік және келісім сарайында 2023 жылдың 23 маусымнан16 шілде аралығында жалғасады.