Қаз

Жаңалықтар

Шетелдік жетекші БАҚ өкілдері Н. Назарбаевтың орталығында болды

Бөлісу

2021 жылдың 23-28 тамыз аралығында Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанда шетелдік журналистер үшін баспасөз туры өткізілуде. Баспасөз туры аясында 27 тамыз күні журналистер Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығына барды.

Кездесуде болған журналистер қатарында «Petra» (Иордания), «Ethiopian Herald» (Эфиопия), «Finančné Noviny» (Словакия), «Литовский курьер» (Литва), «Аль-Нахар» (Кувейт), «NOVA» (Италия), «Беларусь сегодня» (Беларусь), телеканал «СВС» (Әзірбайжан), «Economist UA» (Украина), «WAM» (Emirates News Agency) (Сирия/ОАЭ), «Media Hub International» (Түркия), «Al Wahda» (Египет/ОАЭ), «The Diplomatic Informer Magazine» (ЮАР), «BCI Media» (Канада) және т.б. ақпарат агенттіктері бар.

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев жетекші халықаралық басылымдардың, ақпараттық агенттіктер мен телеарналардың журналистерімен кездесу барысында Орталық қызметінің негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың дінаралық келісімді сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі рөлі туралы, сондай-ақ 5-6 қазанда өтетін Съез Хатшылығының XIX отырысына және 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысымен таныстырды.

«Бүгін сіздерді біздің орталықтың қабырғасында көргеніме қуаныштымын. Биылғы жыл Қазақстан үшін өте маңызды жыл. Себебі, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Семей ядролық полигонының жабылуына да 30 жыл толып отыр.  

Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту саясатын ұстанады. Осының арқасында Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды.

Бұл үшін бізде айтарлықтай жинақталған тәжірибе мен тиісті құралдар бар. Олардың көмегімен дінаралық және өркениетаралық келісімнің қазақстандық моделі қалыптасты", - деді Б.Сәрсенбаев.  

Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев орталықтың іс-шараларына, соның ішінде Үндістан, Пәкістан, Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Сауд Арабиясы, Түркия, Чехия және Швейцарияда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысына арналған дөңгелек үстелдерге арнайы тоқталды.

Өз кезегінде шетелдік журналистер Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық беделі мен рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік, бірлік және келісім идеологиясы Қазақстанға дінаралық және конфессияаралық келісімнің өзіндік моделін құруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Журналистермен кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев Пәкістанның жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығының өкілі Мехмуд ул Хасан Якуб Мухамадпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Болат Сәрсенбаев  "WAM" АА (Emirates News Agency) тілшісі Махер Абдул Рахман Алмалахқа сұхбат берді.