Жаңалықтар

Орталық Азияның конфессионалды әлемі: жағдайы, тәуекел мен шешімдері

Бөлісу

2020 жылдың 26 ​​қарашасында Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Орталық Азияның конфессионалды әлемі: жағдайы, тәуекел мен шешімдері» халықаралық онлайн-конференциясын өткізді.  

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары наиб Мүфти Ершат Оңғаров, Ауғанстан қажылығы, көшбасшылық және қайырымдылық министрінің орынбасары, Mохаммад Осман Тарик, Мәскеу орыс православие шіркеуі дінаралық қатынастар патриархатының шіркеулермен байланыс бөлімінің хатшысы, дін қызметкері Димитрий Сафонов, Египет Ислам мәдениеті Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Мұхаммед әл-Шаххат әл-Жинди, Қазақстанның бас раввині Ешая Коген, ISESCO өркениеттік диалог орталығының директоры Халед Фаталраман, Исламабад Халықаралық Ислам Университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак, Өзбекстан халықаралық ислам академиясы ICESCO «Исламтану және ислам өркениетін зерттеу» бөлімінің меңгерушісі Миродил Хайдаров, Қырғызстанның Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Кубанычбек Токторбаев, сонымен қатар қазақстандық сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.

Халықаралық конференцияның мақсаты - Орталық Азияның конфессиялық кеңістігіндегі тенденцияларды түсіну, аймақтағы күрделі қарама-қайшылық және дағдарыс жағдайларын бағалау, сондай-ақ осы тақырып төңірегінде дін лидерлері, ғалымдар, зерттеушілердің пікірлері мен сараптамасы.

Конференцияда Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атынан сөз сөйлеп, зайырлы Қазақстанның қоғамдағы дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат турасын баяндады.

Ауғанстан, Египет, Ресей, Пәкістан және Қазақстанның дін қайраткерлері Орталық Азиядағы COVID-19 пандемиясы жағдайындағы діни ахуалдың бірқатар аспектілері туралы өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар Орталық Азия елдерінің діни санасы мен кеңістігіне тән бірегейлікті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударды. Олардың арасында Ханафи діни мектебі, сунниттік бағыт, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау сияқты жалпы құндылықтар бар.

Қырғызстан, Өзбекстан, Египет және Қазақстан ғалымдары Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақты ортақ іс-қимыл мезанизмдерін құру бағытына аса назар аударды. Бұл механизмді өз кезегінде тұрақты әлем құрудың, қауіпсіздік пен тең өркендеудің, өркениетаралық диалогтың  шарты, «Орталық Азияның конфессионалды әлемі: жағдайы, тәуекел мен шешімдері» конференциясының жаңашылдығы деуге болады.

Сондай-ақ, Конференция қатысушылары бірауыздан Қазақстанның және Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың діндер мен конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын құру, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің рөлін ерекше атап өтті.

Конференцияны қорытындылай келе, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев Орталық Азияның конфессиялық бағытына әсер еткен ғаламдық процестер, діннің қазіргі әлемдегі рөлі мен маңызын, жаңа дәуірде діндер мен конфессияаралық қатынастарды сақтаудың маңыздылығы және болашағы туралы атап өтті.

«Орталық Азия - аймақтағы жетекші күштердің бірі. Біздің елдерімізді достық қатынастар мен стратегиялық серіктестік біріктіреді, бізді ортақ тарих, дін және бай мәдени мұра байланыстырады. Бәріміздің бірлігіміз бен күшіміз өзара сыйластықта, әртүрлілікте және әртүрлі конфессияларда. Біздің жүрегіміз, ойымыз бен көзқарасымыз диалогқа ашық», - деді Алтай Әбибуллаев.

Шарадағы пікір алуандығы мен ой еркіндігі Азия халықтарының тұрақты қауіпсіздігі үшін серпінді прогресс болары, сондай-ақ, бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететіні сөзсіз.

kazgazeta.kz