Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен ұлттық мерекеміз – Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ІІ халықаралық Құран жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Республикалық бас мешітте өтетін Құран жарысына әлемнің 20 елінен келген таңдаулы қарилар қатысуда. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Бахрейн, Иран, Ресей, Шешенстан, Марокко, Түркия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Палестина, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Татарстан, Индонезия, Тәжікстан, Өзбекстан, Мысыр, Малайзия, Алжир және Пәкістан мемлекеттерінің қарилары қасиетті Құранды толық жатқа оқудан өзара бақ сынайды.
Халықаралық сайыстың әділқазылар алқасы құрамында Қазақстан, Түркия, Мысыр, Сауд Арабиясы және Қырғызстан елдерінен шақырылған әлемге әйгілі, тәжірибелі қарилар бар.
Аталған шараға Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының басқарма төрағасының орынбасары М. Қалижанов. Бұл бастамалар ұлттық және халықаралық деңгейде діни үйлесімділік, диалог пен ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын көрсетеді.