Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммиті 2025 жылғы 7 қазанда Габала қаласында (Әзербайжан) «Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбымен өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Түрікменстан мемлекеттерінің мемлекет басшылары, сондай-ақ Солтүстік Кипр мен Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері қатысты.
Саммит қарсаңында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының жетекші сарапшылары Татьяна Липина мен Дулат Жакиянов әзербайжандық телеарнаға сұхбат беріп, түркі бірлігін одан әрі нығайтудың, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты дамытудың, сондай-ақ діндер арасындағы келісім мен өңірлік тұрақты бейбітшілікті ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.