Астана, 2025 жылғы 18 тамыз — Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Олий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Парламентшілер кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс Сенаты арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылды.
Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегін пайымдаумен қатар, алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында рухани дипломатияны дамыту жөнінде де пікір алмасты. Мәулен Әшімбаев Өзбекстанның жан-жақты қолдауы және Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының съезд жұмысына белсене қатысқаны, дінаралық диалогты ілгерілетуге атсалысқаны және қазіргі әлемнің өткір мәселелерін шешуде рухани лидерлердің күш-жігерін біріктіргені үшін ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Танзила Нарбаева Қазақстанның Орталық Азия өңірін дамыту игілігіне, сондай-ақ көптеген сын-қатерлерді еңсеруге және негізгі салалардағы қазақ-өзбек байланыстарын нығайтуға жұмсаған күш-жігеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Олий Мәжіліс Сенатының Төрағасы қазіргі кезеңде діндер мен мәдениеттер арасындағы бейбітшілік, келісім мен толеранттылық идеяларын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.