Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Бірлік пен түсіністікке жол ашады

Бөлісу

Астана қаласына өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – аса маңызы жиын. Бұл әлем мемлекеттері арасында бейбітшілік пен келесімді нығайтуға жол ашады.

Қазақстан Республикасында дін ұстанушыларға оң қабақпен қарайды. Қандай діннің өкілі болса да, өз дінін ұстануына мүмкіндік бар. «Дін мемлекеттен бөлек” десек те, барлық тыныс-тіршілігімен сол мемлекетпен бірге. Ұстанатын діни қағидалары, жоспарлы бағдарламалары Қазақстанмемлекетінің заңдарына қайшы келпеуі керек. Керісінше, сол мемлекетті құраушы ұлтпен және сонда өмір сүріп жатқан өзге де этностармен біте қайнаса өмір сүріп, жаңа заман талабына сай жаңғыра отырыпдамуы керек. Бұл сьездеде әр мемлекет  лидерлерінің өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар.

Біздің мемлекетте осымен діндер лидерлерінің съезі бірнеше рет өтіп, маңызды мәселелерді талқылады. Съездің жоғары дәрежеде өтуіне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ықпал етіп отыр. Бұл жиыннан әлемнің бірнеше елінен келген делегаттар үлкен ой түйеді, тәжірибе жинақтайды. Жиынның көпшілікке беретін әсері сол. Съездге қатысушылар жан-жақты мәлімет алады.

Бұл жиын біздің елдің әлемалдындағы үлкен беделі мен зорабыройын көрсетеді. Сонымен қатар біздің халқымызға, бүгінгі қоғамымызға көпықпалын тигізетіні анық. Қазақстан мемлекеті көптеген этностарды, дәстүрлі дінөкілдерін бауырына басқан ел. Бұған дейінгі өткен жиындардың елімізде тыныштық, діни түсіністік болуына ықпалы тиді деп айта аламыз.

Жеке-дара адамдар діни наным-сенімге мұқтаж болмағанымен, мемлекеттер түрлі діни бірлестіктерді құрамына кіргізетін үлкен күш.

Дәстүрлі діндердің ешбірі ел арасына бүлік салып, алауыздықтың отын тұтатуды көздемейді. Қазақ мақалындағы “Айтар ауыз бөлек болғанымен, тілек- бір” дегентұжырымдағыдай, барлығының үндейтіні – бейбітшілік пен ынтымақ. Көп векторлы саясатты ұстанатын мемлекет болғандықтан, мұндай ауқымды жиын өткізуҚазақстанның абыройын көтереді.

Мемлекеттің қуаты – құрамындағы түрлі діни бірлестіктерді келісім арқылы бірбағытта ұстай алуында.

Нұрлан ҚИҚЫМОВ, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы


Ақпарат https://kazislam.kz/2025/08/yntymaq-pen-tusinistikke-zhol-ashady/ сайтынан алынды