Жаңалықтар

Халықаралық орталық діни әдебиеттерді сараптау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған республикалық семинарға қатысты

Бөлісу

2025 жылдың 12 маусымында Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни сараптама бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни әдебиеттерді сараптау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті.

Іс-шараға Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы атынан Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Зауре Малғараева және Дінтану сараптамасы департаментінің директоры Эльмира Бірәлі қатысты.

Семинар барысында Халықаралық орталық сарапшылары діни мазмұндағы әдебиеттерді талдау үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталып, теологиялық сараптама жүргізудегі кәсіби талаптар мен діни кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Іс-шара соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстап, діни-ағарту саласында еңбек етіп жүрген бірқатар имамдарды ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай әзірленген мерекелік медальдармен марапаттады.