Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың болашағы талқыланды

Бөлісу

2025 жылғы 18 сәуірде Астана қаласындағы Қ.Құлажанов атындағы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023–2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында дәріс өтті.

Дәрісті Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы әдістемелік жұмыс және жинақтау департаментінің жетекші сарапшысы Жансұлу Мазан жүргізді. 

Іс-шара барысында 2022 жылы бекітілген съезді дамытудың жаңа тұжырымдамасының негізгі ережелері қарастырылып, бейбітшілік, төзімділік және конфессияаралық келісім идеяларын ілгерілетудегі Съездің рөлі кеңінен талданды.

Сонымен қатар, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында дін лидерлерінің маңызы артып келе жатқанына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның интерактивті форматы аудиториямен белсенді пікір алмасуға жол ашып, конфессияаралық өзара әрекеттестік мәселелеріне деген зор қызығушылықты көрсетті.

Қатысушылар Съезд қызметінің Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудағы тиімді құрал ретінде маңызын ерекше атап өтті.