Жаңалықтар

2025 жылдың 11 наурызында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтті

Бөлісу

Кездесуге Дін істері комитетінің Төрағасы Е. Нүкежанов, Орталықтың Басқарма Төрағасының м.а. М. Қалижанов, сондай-ақ Комитеттің басқарма басшылары мен еліміздің діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

 

Кездесу барысында 2025 жылдың 10 қаңтарында "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ діни бірлестіктер өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі мен Жас діни лидерлердің ІІ форумына қатысуы мәселелері талқыланды.

 

Өз сөзінде Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов елдегі тұрақтылық пен реформалардың табыстылығының негізі конфессияаралық келісім мен қазақстандықтардың бірлігі екенін атап өтті. Ол Қазақстанның діни бірлестіктері қоғамның рухани-адамгершілік бірігуінде және жалпыадамзаттық құндылықтар төңірегінде топтасуында маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

 

Сондай-ақ Комитет еліміздегі конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері конфессияаралық диалогты нығайтудың және еліміз бен әлемде толеранттылық идеяларын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

 

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.