Жаңалықтар

Орталық Басқарма Төрағасы Қазақстанның Башқұрт этномәдени орталығының Төрағасымен кездесті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстанның "Акбузат" башқұрт этномәдени орталығының Төрағасы У.Азнабаевпен кездесті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысына қатысушылар қабылдаған "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасының" негізгі ережелері туралы айтып, осы құжатты іске асырудың және оны елде және шетелде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Орталық Басқарма Төрағасы бұл Тұжырымдама адамзаттың аса өткір мәселелерін шешу үшін діни лидерлердің күш-жігерін біріктіру жолымен алдағы жылдарға арналған форумды дамытудың жаңартылған көзқарасын көздейтінін, сондай-ақ форум қызметінің әріптестері мен географиясын кеңейту мақсатында Съездің БҰҰ институттарымен және басқа да беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде, У.Азнабаев Қазақстан басшылығының әлемдік және дәстүрлі діндер арасындағы диалогты ілгерілету жөніндегі бастамасын жоғары бағалады. Сондай-ақ, диалог, өзара түсіністік және құрмет барлық мәдениеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін қуатты күш екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар мәдениетаралық және дінаралық диалог саласындағы одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын белгіледі.