Қаз

Жаңалықтар

Шығыс Еуропа аймағындағы Иса Мәсіхтің Соңғы замандағы Әулиелер Шіркеуінің өкілдері Н. Назарбаев орталығында болды

Бөлісу

Ү. ж. 24 мамырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының алаңында Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Есімов Иса Мәсіхтің Соңғы замандағы Әулиелер Шіркеуінің Шығыс Еуропа аймағының президенті А. Самайкинмен және Шығыс Еуропа өңіріндегі Иса Мәсіхтің соңғы замандағы Әулиелер Шіркеуінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры С. Антамановпен кездесті.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Есімов қонақтарды орталықтың мақсаттары мен міндеттері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жұмыстары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, А.Самайкин этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалап, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің теңдесі жоқ бірегей диалог алаңдарының бірі екенін атап өтті.

Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдіре отырып, тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге, бірлескен іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған конфессияаралық диалогты дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында орталық қонақтары үшін Бейбітшілік және келісім мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.