Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығы және Пәкістан Мұсылман институты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бөлісу

Ү. ж. 23 мамырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы  Б. Сәрсенбаев пен "MUSLIM Institute" ғылыми-зерттеу институтының Төрағасы Сахибзада Сұлтан Ахмед Әли мәдениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі өзара іс-қимылдың көріністерін талқылап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға өзара қызығушылықты басшылыққа ала отырып, ұйымдар өздерінің миссияларына сәйкес келетін жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті. Оның ішінде мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты дамыту тәжірибесімен, өзара қызығушылық тудыратын кездесулерді, форумдармен конференцияларды ұйымдастыру бағытында.

Екіжақты кездесу барысында Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев орталықтың қызметі, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделі - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, "MUSLIM Institute" Төрағасы Сахибзада Сұлтан Ахмед Әли Б.Сәрсенбаевқа жылы шыраймен қарсы алғаны үшін алғыс айтып, одан әрі табысты ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Кездесу соңында Пәкістан Ислам Республикасынан келген делегация үшін бейбітшілік және келісім мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Анықтама: Жоғары Мәртебелі Сахибзада Сұлтан Ахмад Әли, 17 ғасырдағы атақты сопы Сұлтан Әл-Арифин Сұлтан Бахудың патша үйінің 10-шы ұрпағы, Мұсылман институтының Төрағасы. Еңбегі үшін Халықаралық бейбітшілік және даму ғылыми-зерттеу институты (INSPAD) оны 2020 жылғы ең ықпалды он мұсылмандардың тізіміне енгізді.

MUSLIM Institute (мұсылман институты) - мұсылман әлеміндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттайтын ғылыми-зерттеу институты. Институт әлеуметтік қамсыздандырудың күшті, прагматикалық және қағидатты саясаты арқылы стратегиялық тұрақтылыққа бағытталған пәнаралық тәсілді қолданады. Институт әлеуметтік қамсыздандырудың күшті, прагматикалық және қағидатты саясаты арқылы стратегиялық тұрақтылыққа бағытталған пәнаралық тәсілді қолданады.