Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстандағы Израиль Елшісі Эдвин Ябо Глусманмен жұмыс кездесуі өтті

Бөлісу

Бүгін, 18-ші ақпанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Болат Сәрсенбаевтың жаңадан тағайындалған Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эдвин Ябо Глусманмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Эдвин Ябо Глусманды Израиль Елшісі болып тағайындалуымен құттықтап, екі мемлекет мүддесі жолында жемісті қызмет етуіне тілектестік білдірді. Израиль тарапымен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырудың маңыздылыңын атап өтіп, Басқарма Төрағасы дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы Орталық қызметінің негізгі бағыттарына, 14-15 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, дінаралық келісім мен бірлік мәселелері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ұдайы назарында екендігіне жеке тоқталды.

Өз кезегінде, Эдвин Ябо Глусман мырза Болат Сәрсенбаевқа жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Израиль қатынастарындағы дінаралық саланы нығайтуға дайын екндігін пайымдады.

Кездесу соңында Израиль Елшісі үшін Бейбітшілік пен келісім музейіне экскурсия ұйымдастырылды.