Жаңалықтар

Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы «Sumukhwa Monologue» кореялық сиямен кескіндеме көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

Бөлісу

Бүгін, 13 тамыз күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев "Sumukhwa Monologue" атты кореялық сиямен кескіндеме көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен өтті.

Көрменің мақсаты – қазақстандықтарды Корей дәстүрлі сия кескіндеме өнерімен таныстыру және дәстүрлі кескіндеме техникасымен үйлескен заманауи элементті үлгідегі түрлі жұмыстарды ұсыну.

Экспозицияда Кореяның Чолла-Намдо провинциясынан және Корея Республикасының басқа да өңірлерінен келген 28 танымал корей бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары ұсынылды, онда табиғаттың әдемі көріністері көрсетіліп, әлемнің пайда болуы жаратылысының философиясы және т. б. тақырыптар қозғалады.

Еске сала кетейік, «Сумукхва» - бірегей корей материалдарында қара сия мен қылқаламды пайдалана отырып, Шығыс Азия бейнелеу өнері техникасында орындалған корей кескіндемесі.