Қаз

Директорлар кеңесі

Сыдықов Ерлан Бәтташұлы

Тәуелсіз директор

Туған күні

1956 жылы

1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірген.

1981 жылдың қыркүйегінен 1984 жылға дейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды, 1984 жылдың ақпанында ол тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 1999 жылы докторлық диссертация қорғады.

1996 жылдың шілдесінде ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

1997 жылдың маусымы мен 2004 жылдың сәуірі аралығында ректор ретінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бастауында болды.

Педагогикалық институттың университеттен бөлінуіне байланысты 2004 жылы сәуірде Е.Б. Сыдықов Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.

2008 жылдың шілде айында Е.Б.Сыдықов тағы да Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

2011 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Е.Б.Сыдықов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

200-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, 4 оқу құралының, 20-дан астам монографияның авторы.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің № 178 бұйрығына сәйкес жалғыз акционердің өкілі реттінде Орталық Директорлар кеңесінің құрамына 2019 жылғы 21 маусымнан бастап сайланған.