Басқарма

Қалижанов Марат Уалиханұлы

Басқарма Төрағасының м.а.

1998 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2001 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын бітірген.

1998 ж. – ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама басқармасының референті;

1999 ж. – ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі;

2001-2002 жж. – ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің 3-хатшысы;

2002 ж. – ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің 3-хатшысы;

2002-2005 жж. – Әзірбайжан, Баку қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің 3-ші, 2-ші хатшысы;

2005-2009 жж. – Таиланд, Бангкок қаласындағы Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының кеңесшісі;

2009-2010 жж. – ҚР СІМ Жалпы азиялық ынтымақтастық департаментінің Азиялық диалог форумдары басқармасының басшысы;

2010-2013 жж. – ҚР СІМ Жалпы азиялық Достастық департаменті директорының орынбасары;

2013-2014 жж. – ТМД департаменті директорының орынбасары; Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары;

2014-2019 ж. – ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметі бастығының орынбасары;

2018-2019 жж. – ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің бастығының м.а.;

2019-2024 жж. – Австралияның Сидней қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы;

2025 ж. – «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының» КеАҚ Басқарма төрағасы м.а.