Қаз

Басшылық

Есімов Нұрлан Орынбасарұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

1983 жылы 11 қарашада туған.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Заңгер» мамандығын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Менеджмент» мамандығын бітірген. 

«Болашақ» бағдарламасының түлегі – «Данди университеті» (Ұлыбритания) «Халықаралық коммерциялық құқық» магистрі.

Еңбек жолын 2005 жылы «Теміржолжылу» АҚ бастады.

2005-2006 жж. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

2006-2007 жж. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2007-2008 жж. Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі.

2008-2014 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы.

2014-2015 жж. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің заң басқармасының басшысы.

2015-2017 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы.

2017-2020 жж. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2020-2021 жж. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдың тамыз-қараша аралығында «Н. Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ корпоративтік хатшысы.

2021 жылы 4 қарашада Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.