Қаз

Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының ХVІІ отырыс хаттамасы

Бөлісу

2018 жылдың 9 қазанында  Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХVII отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ

Абдельрахман Мохамед Муса – Әл-Азхар Жоғарғы имамының кеңесшісі (Египет Араб Республикасы).

Мункиз Махмуд Ас-Сакар – ДИЛ Ғылыми зерттеулер басқармасының кеңесшісі, доктор;

Абдулла ибн Фахд аль-Лхидан – Сауд Арабия корольдігінің Ислам істері жөніндегі Министр кеңесшісі,

Мохаммад Мехди Тасхири – Иран Ислам Республикасы Мәдени және ислам байланыстары жөніндегі ұйымының Діни және мәдени диалог орталығының басшысы.

Мухаммад Зия-Уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан Ислам Республикасы).

Мухаммед аш-Шаххат аль-Гинди – Араб Египет Республикасы уақыфтар министрінің өкілі, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің ректоры.

ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ:

Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс Хатшысы, дін қызметшісі.

Маркос Оганесян – Армян Апостол шіркеуінің украин епархиясының басшысы, епископ.

Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бюросының басшысы, монсеньор (Ватикан).

Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қ. епископы.

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

Иудаизм өкілдері:

Шломо Менахем Кук – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі.

Буддизм өкілдері:

Танес Сучарикул – Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығы Президентінің кеңесшісі (Таиланд).

Ван Ли – Қытай буддистері қауымдастығы меңгерушісінің орынбасары.

Хонхор Бямбажав – Моңғолияның Буддистік орталығы «Гандан Тэгчэнлин» ғибадатханасының Да Ламасы, Занабазар атындағы діни институтының директоры.  

Янг Ки Хун – «Чогие» Кәріс буддистік ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің және Жаынса ғибадатханасының директоры.

Даосизм өкілі:

Ян Шихуа – Қытай даосистер Қауымдастығының Бас Хатшы орынбасары.

Индуизм өкілі:

Кала Дхананджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет орталығының директоры (Үндістан).

Халықаралық ұйымның өкілі:

Ханифа Мезуи – БҰҰ Өркениеттер Альянсының гуманитарлық мәселелер мен азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша Аға кеңесші.

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:

Серікбай қажы Ораз – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Александр – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Аймағының Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті.

Томаш Бернард Пэта – Нұр-Сұлтан қ., Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит.

Эшая Элазар Коген – Қазақстанның Бас раввині.

Қазақстан Республикасының өкілдері:

Дархан Калетаев – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі.

Берік Арын – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі.

Ержан Ашықбаев – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Басшысының орынбасары.

Съез Хатшылығының ХVII отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. О составе Совета религиозных лидеров.
  2. Одобрение Повестки дня Третьего заседания Совета религиозных лидеров.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезінің Күн тәртібін белгілеу.
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашыларын бекіту.
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі қатысушыларының Қорытынды құжат – декларациясы жобасын мақұлдау.
  6. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Хатшылығының XVIII отырысын өткізу мерзімін айқындау.
  7. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезінің уақыты мен орнын белгілеу.
  8. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Хатшылығының XVII отырыс Хаттамасын қабылдау.

Съез Хатшылығының отырысы барысында Күн тәртібінің тармақтары бойынша нәтижелі пікір алмасулар болды.

Съез Хатшылығына қатысушылардың барлығы жоғарыда берілген сұрақтар бойынша талқылаулар мен пікір алмасуларға ат салысты.

Съез Хатшылығының XVII отырысы қатысушыларының ұсыныстарына сәйкес келесі шешімдер қабылданды:

  1. Діни лидерлер кеңесінің құрамына ислам, иудаизм, буддизм және даосизм діндерінен беделді рухани құрылымдардың діни лидерлерін қосу:

Аса құрметті Шейх Ахмад Мухаммад ат-Тайеб - Әл-Азхар Жоғарғы имамы (Мысыр);

Аса құрметті Абдрахман бен Абдалла аль-Заид - Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары (Сауд Арабиясы);

Аса құрметті Али Эрбаш - Түркия Дін істері басқармасының Төрағасы;

Аса құрметті Серікбай қажы Ораз - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Төрағасы.

Аса құрметті Патриарх Феофил III - Иерусалим қасиетті градының, бүкіл Палестина, Арабия, Сирия, Иордания қос жағалауының, Қасиетті Сион мен Галилея Канасының Аса киелі және рақымды Патриархы;

Аса құрметті Кардинал Франческо Коккопальмерио - Папа Кеңесінің Заңнамалық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Құрметті Өкілі (Ватикан);

Аса құрметті Архиепископ Урмас Вильма - Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі Вице-президенті (Швейцария);

Аса құрметті Волоколамск Митрополиті Иларион - Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің Төрағасы;

Аса құрметті Давид Лау - Израильдің Бас ашкеназының раввині;

Аса құрметті Хамба Лама Чойжилжавын Дамбажав - Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығының вице-президенті, Моңғолияның Дашичойлин монастырінің басшысы;

Аса құрметті Чунь И - Қытай буддистері қауымдастығы Төрағасының орынбасары;

Аса құрметті Ли Гуанфу - Қытай даосистері қауымдастығының Төрағасы.

  1. Діни лидерлер кеңесінің Үшінші отырысының Күн тәртібін бекіту.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезінің Күн тәртібін бекіту.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашыларының тізімін мақұлдау.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі қатысушыларының Тұжырымдама жобасын мақұлдау.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысын 2019 жылдың қыркүйек айында өткізу.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезінің қорытынды құжаттарын келісу және Хатшылықтың XVIII отырысына тиімді дайындалу мақсатында Жұмыс тобының отырысын осы Хатшылық алдында өткізу.

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VІI Съезін Астана қ. 2021 жылы өткізу.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVII отырысы Хаттамасын қабылдау.
  1. Діни лидерлер Кеңесі мүшелеріне және өзге дін өкілдеріне қабылданған шешімдер туралы хабарлау.

Астанада 2018 жылдың 9 қазанында қазақ, орыс, ағылшын, араб және қытай тілдерінде бір данада жасалды, барлық мәтіндер тең күшке ие.

Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығында сақталады, ол әр Тарапқа бекітілген көшірмені жолдайды.  

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
2018 жылдың 9 қазаны