Қаз

Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының ХVІ отырыс хаттамасы

Бөлісу

2017 жылғы 18 мамырда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХVІ отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

Ислам өкілдері:

Абдельрахман Мохамед Муса – Әл-Азхар Жоғарғы имамының сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі (Мысыр Араб Республикасы).

Гахраман Солеймани – Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар жөніндегі ұйымы президентінің орынбасары.

Мункиз Махмуд ас-Саккар – Дүниежүзілік ислам лигасының Халықаралық ұйымдармен және конференциялармен жұмыс жөніндегі департаментінің кеңесшісі (Сауд Арабиясы Корольдігі).

Абдулла ибн Фахд аль-Лхидан – Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам, вакуфтер және үндеу істері жөніндегі министрінің кеңесшісі.

Мухаммад Зия Уль-Хак – Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан).

Гоуда Абдельгани Басиуни – Ислам мәдениеті «Нұр-Мүбарак» Мысыр университетінің ректоры (Мысыр Араб Республикасы).

Мохаммед Далъуи – Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Диалог, альянс және өркениеттер департаментінің директоры.

Мохаммад Реза Назери – Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екінші департаментінің басшысы.

Христиан өкілдері:

Эммануил Адамакис – Франция Митрополиті, Жоғары Қасиетті Экуменийлік Варфоломея Патриархының өкілі.

Халед Акаше – Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңестің Ислам жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор (Ватикан қаласы).

Ричард Аткинсон – Бэдфорд епископы (Ұлыбритания), Англикан шіркеуі жетекшісінің өкілі.

Димитрий Сафонов – Ресей дінаралық кеңесінің атқарушы хатшысы, Мәскеу патриархатының Дінаралық қатынастар бойынша сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің хатшысы, дін қызметшісі.

Маркос Оганесян – Армян Апостол шіркеуі Украиналық Епархиясының басшысы, епископ;

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Евангелиелік-лютерандық шіркеудің Қазақстандағы епископы;

Иудаизм өкілі:

Эли Хавлин – Израильдің Бас ашкеназийлік раввинінің өкілі.

Буддизм өкілдері:

Ху Сюэфэн – Қытай буддистері қауымдастығы төрағасының орынбасары.

Хунхур Бямбажав – Моңғолияның Буддистік Орталығының Гандан Тэгчэнлин монастырінің да ламасы.

Анил Ман Сакья – Дүниежүзілік Буддистік университеттің ректоры.

Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы Корей буддизмі «Чогечон» Орденінің тұрақты өкілі.

Ши Чанцзан – Қытай буддистері қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары.

Ван Ли – Қытай буддистері қауымдастығы Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Фан Юхай – Буддистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Бейжің қаласы.

Даосизм өкілі:

Ху Ченлин – Қытай даосшылары қауымдастығы төрағасының орынбасары.

Ян Чжоутин – Қытай даосизмі академиясының монахы.

Синтоизм өкілі:

Катсуджи Ивахаши – «Джинджя Хонче» Халықаралық байланыстар департаментінің директоры.

Мегуми Абэ – «Джинджя Хонче» Халықаралық байланыстар департаментінің қызметкері.

Индуизм өкілі:

Калай Дханаджей Ачария – «Сомаия Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениеті орталығының директоры.

Прачи Патхак Йогеш – «Сомаия Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениеті орталығының доценті.

Халықаралық ұйым өкілі:

Мэтью Ходс – БҰҰ Өркениеттер альянсының директоры.

XVI Хатшылыққа арнайы шақырылған қатысушылар:

Рашид аль-Тунайджи – Біріккен Араб Әмірліктерінің Төзімділік мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрінің кеңесшісі.

Ахмад Хульфан аль-Мансури – Дубай Әміршісі Мухаммад бин Рашид аль-Мактумның Бейбітшілік үшін сыйлығының Бас хатшысы (Біріккен Араб Әмірліктері).

Пичаи Товивич – Дүниежүзілік бейбітшілік елшісі кеңсесінің Бас хатшысы (Таиланд).

Халифа аль-Дахери – МУАТА орталығының Атқарушы директоры (Біріккен Араб Әмірліктері).

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:

Маямеров Ержан – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Геннадий Каскеленский – Митрополит округінің Қазақстан Республикасындағы Іс басқарушысы, епископ.

Томаш Пэта – Құдыретті Мария рим-католик архиепархиясының Астанадағы Архиепископы, Қазақстанның католик епископтары конференциясының төрағасы, митрополит.

Шмуэль Карнаух – Астананың және Ақмола облысының Бас раввині.

Қазақстан Республикасының өкілдері:

Ермекбаев Нұрлан – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі.

Ашықбаев Ержан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы Басшысының орынбасары.

Арын Берік – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл.

Съезд Хатшылығы XVІ отырысының барысында мынадай Күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ съезіне дайындықтың барысы туралы.
  2. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығымен және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалімен мараппаттау жөнінде пікір алмасу.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ съезі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы XVІІ отырысының өткізілетін күнін белгілеу.
  4. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарының таныстырылымы.
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығы
    XVІ отырысының хаттамасын қабылдау.

Хатшылық отырысы кезінде Күн тәртібі бойынша сындарлы пікіралмасу болды. Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша сөз сөйлеулер мен пікірталастарға Съезд Хатшылығының барлық мүшелері қатысты.

Съезд Хатшылығының XVI отырысына қатысушылардың ұсыныстары ескеріле отырып, мынадай шешімдер қабылданды:

І. VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне дайындық жұмысы жалғастырылсын.

II. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшінАстана халықаралық сыйлығымен және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалімен мараппаттау бойынша негізгі талаптар қолдау білдірілсін.

III. VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің отырысын
2018 жылғы 10-11 қазанда өткізілсін.

IV. Съезд Хатшылығының XVIІ отырысы 2018 жылғы 9 қазанда өткізілсін.

V. Діни лидерлер қабылданған шешімдер туралы хабардар етілсін.