Қаз

Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының ХV отырыс хаттамасы

Бөлісу

2016 жылдың 1 маусымында  Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХV отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ

Мухиддин Афифи – әл-Азхар академиясының Бас Хатшысы;

Мункиз Махмуд Ас-Саккар – ДИЛ Ғылыми зерттеулер басқармасының кеңесшісі, доктор;

Абдулла ибн Фахд аль-Лхидан – Сауд Арабия корольдігінің Ислам істері жөніндегі Министр кеңесшісі,

Гахрамон Сулеймани – Иран Ислам Республикасының Мәдениет және ислам байланысы жөніндегі Ұйым Төрағасының орынбасары;

Мухаммад Зия уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының профессоры, директоры (Пәкістан Ислам Республикасы).

ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ

Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бюросының меңгерушісі (Ватикан);

Григориос Йоннидис – Франция Митрополиясының Грек православ шіркеуінің Викариі, Жаңа Рим және Бүкіләлемдік Патриарх – Константинополь Архиепископының өкілі;

Маркос Оганесян – Украинадағы армян епархиясының жетекшісі, епископ;

Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қ. епископы;

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы;

Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс Хатшысы, дін қызметшісі.

ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ

Шахар Рахмани – Израиль Ашкеназиялық Бас раввин өкілі, раввин.

БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Фаллоп Тайиари – Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығының Бас Хатшысы;

Цзюэ Син – Бүкілқытай буддистер ассоциациясы Төрағасының орынбасары, Буддистер институтының вице-президенті;

Хамба Лама Хунхур Бьямбажав – Моңғолия Буддистік Орталығының Гандан Тэгчэнлин монастрінің басшысы;

Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы «Чогечон» корейлік буддистік ұйымның зерттеу Институтының өкілі.

ДАОСИЗМ ӨКІЛІ

Цзи Хунчжун – Бүкілқытай даосистері ассоциациясы Төрағасының орынбасары.

ИНДУИЗМ ӨКІЛІ:

Кала Дханаджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет мұғалімдерін әзірлеу бойынша Ұйымның директоры, Санскрит және үнді мәдениетін зерттеу Оқу орталығының Директоры (Үндістан).

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛІ

Мэтью Ходс – БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ

Ержан Маямеров – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти;

Александр – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Аймағының Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті.

Томаш Пэта – Нұр-Сұлтан қ., Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит.

Борис Манойленко – Қазақстан Республикасы Бас раввинінің өкілі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ

Марат Әзілханов– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен идеяларын алға жылжыту бойынша Уәкіл.

Съез Хатшылығының ХV отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съез қорытындысы және Съез Хатшылығының XIV отырысы бойынша пікір алмасу.
  2. Келесі мәселелер бойынша пікір алмасу:

– Дінаралық диалогты орнатуға қосқан үлесі үшін Астаналық халықаралық премия беру жөнінде;

– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалімен марапаттау;

– Бейбітшілік және келісім музейін құру туралы.

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінің тақырыбы мен күн тәртібі бойынша ұсыныстарды талқылау.
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының XVI отырысының уақыты мен орнын белгілеу.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының XV отырысы Хаттамасын қабылдау.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының  ХV отырыс қатысушыларының ұсыныстарына сәйкес келесі шешімдер қабылданды:

I. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съез қорытындылары бойынша қатысушылардың ұсыныстарын назарға алу.

II. Тұжырымдамалық ережелерді мақұлдау:

– Дінаралық диалогты орнатуға қосқан үлесі үшін Астаналық халықаралық премия туралы;

– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалімен марапаттау туралы;

– Бейбітшілік және келісім музейін құру туралы.

III. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съездің басты тақырыбы ретінде «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» бекітілсін, VI Съездің секциялық отырыстардың келесі тақырыптары бекітілсін:

  1. «Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде»;
  2. «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер»;
  3. «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар»;
  4. «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында».

IV. Съез Хатшылығының келесі XVI отырысын Астана қ. 2017 жылдың 9 тамызында өткізу.

V. Діни лидерлер кеңесі мүшелері мен дін басшыларын қабылданған шешімдер жөнінде хабардар ету.