Қаз

Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының XII отырысы хаттамасы

Бөлісу

2013 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында Съез Хатшылығының басшысы Қайрат МӘМИДІҢ төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезі Хатшылығының  XII отырысы өтті.

Отырыс жұмысына келесілер қатысты:

Ислам өкілдері:

Мәджид Әбдуләзиз ат-Турки –Ислам және үндеу істері жөніндегі конференцияның Бас хатшысы (Сауд Аравия Корольдігі),

Шейх-Уль-Ислам Гаджи Аллахшүкір Паша-Заде –Кавказ мұсылмандары Басқармасының төрағасы (Әзірбайжан),

Хасан Камил Иылмаз –Түркия дін істері жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары,

Чэнь Юйлун –Қытай Мұсылмандар бірлестігінің халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары,

Махмуд Фахми Хиджази –Алматы қ. «Нұр» Қазақ-египет ислам университетінің ректоры, Египет Араб Республикасының Вакуфтар және ислам істері жөніндегі министрлік төрағасы,

Әли Мұхаммед Хельми –Иран Ислам Республикасы Дінаралық диалог жөніндегі орталық директоры,

Мұхаммед Зия-Үл-Хак –Халықарылық ислам университетінің Шариат және құқық фаультетінің деканы (Пәкістан),

Мұхаммед Омар Гаутам – «Islamic Da'wah Centre» Ислам Орталығының төрағасы (Үндістан). 

Христиандық өкілдері:

Халед Акаше –Қасиетті тақ дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің исламмен байланыстар жөніндегі бөлім меңгерушісі (Ватикан),

Эммануил  Адамакис –Франция митрополиті,

Юрий Новгородов –Қазақстан Республикасындағы Евангелия-лютерандық шіркеуінің басшысы, Әлемдік лютеран шіркеуінің төрағасы, епископ

Сергий Матюшин –Шіркеу және қоғам өзара қатынастары бойынша Мәскеу Патриархаты бөлімінің маманы, дін қызметшісі (Ресей Федерациясы).

Буддизм өкілдері:

Ван Ли –Жалпықытайлық буддистер бірлестігі Халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары,

Янг Ки Хун –Орталық Азиядағы «Чогечон» Корей буддистік ұйымының Зерттеулер институты төрағасы  ,

Ганхуяг Магсаржав –Ундур Гэгээн Занабазар атындағы Буддистік университет вице-ректоры (Монғолия).

Даосизм өкілі:

Ли Шуан –Қытай Даосистері бірлестігінің  Халықаралық бөлім қызметкері.

Индуизм өкілі:

Кала Дханаджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениетінің ұстаздарын даярлау бойынша ұйымның директоры  (Үндістан).

XII Хатшылығының Құрметті қонақтары:

Жан-Луи Торан –Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің төрағасы, кардинал-протодьякон  (Ватикан),

Самир Шантилал Сомайя – «SomaiyaVidyavihar» индология және дінаралық диалогты зерттеу бойынша институт төрағасы,

Хоми Буржор Дхалла –Заратуштра мәдениет мұрасы Әлемдік кеңесінің президенті (Үндістан),

Равиль Гайнутдин­­­­­­­­ –Ресейдің Еуропалық бөлігі Мұсылмандарының рухани басқармасының төрағасы, Ресей Муфтилері кеңесінің төрағасы.

XII Хатшылығының арнайы шақырылған қатысушылары:

Маямеров Ержан Малғажұлы –Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасы төрағасы, Бас муфтий

Томаш Пэта –Астана қ. Қасиетті Мария римдік-католиктік архиепархия архиепископы, Қазақстанның Католиктік епископтары конференциясының президенті

Геннадий – Қаскелең Епископы, Қазақстанның Православие шіркеуі істерінің басқарушысы.

Қазақстан Республикасы өкілдері:

Бағлан Майлыбаев –Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары –Съез Хатшылығы жетекшісінің орынбасары,

Рәпіл Жошыбаев –Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары – Хатшылық басшысының орыбасары,

Қайрат Лама Шариф –Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы,

Жандос Асанов –Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты жетекшісінің орынбасары,

Айдар Әбуов –Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығы директоры,

Қарлығаш Калилаханова – Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығы директорының орынбасары .

Съез Хатшылығы отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі қорытындылары бойынша пікір алмасу.
  2. Съез Хатшылығының діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілету бойынша халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық туралы
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  V съезі бойынша ұсыныстар енгізу (пленарлық және секциялық отырыстар тақырыптары, күні және орны)
  4. Съез Хатшылығының XIII отырысын өткізу күні мен орнын анықтау
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  съезі XII Хатшылығының Хаттамасын қабылдау

Хатшылық отырысы барысында Күн тәртібі бойынша жемісті пікір алмасу өтті.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша сөздер мен пікірсайыстарға Съез Хатшылығының барлық мүшелері қатысты.

Съез Хатшылығының XII отырысы қатысушыларының ұсыныстарын есепке ала отырып келесі шешімдер қабылданды:

I. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің қорытындылары, сондай-ақ мақсаттар мен міндеттерді одан әрі ілгерілету бойынша отырыс қатысушыларының ұсыныстарын ескеру .

II. Съез Хатшылығының дінаралық диалогты ілгерілету бойынша Қазақстанның және оның Лидерінің тәжірибесін тарату және түсіну мақсатында  академиялық орталармен, оқу орындарымен және әртүрлі ұйымдардың өкілдерімен жұмысын кеңейту.

III. Съез Хатшылығының қоғамдардағы және мемлекеттердегі бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін дінаралық диалог пен өзара ынтымақтастықты ілгерлетудегі қызметін жандандыру .

IV. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезінің тақырыбын «Дін және тұрақты даму» ретінде анықтау, сондай-ақ Бесінші Съездің секциялық отырыстарының тақырыбы бойынша ұсыныстарды талқылауды жалғастыру және оларды 2014 жылғы Хатшылықтың XIII отырысына бекіту.

V. Бесінші Съезді өткізудің нақты күні мен орнын талқылауды жалғастыру және оларды 2014 жылғы Хатшылықтың XIII отырысына бекіту .

VI. Съез Хатшылығының XIII отырысын 2014 жылы 17-18 қыркүйекте (сәрсенбі-бейсенбі) Астана қаласында өткізу.

VII. Діни лидерлер кеңесі мүшелерін және басқа белгілі дін өкілдерін қабылданған шешімдер туралы хабардар ету.