Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезі Хатшылығы ХІ отырысының хаттамасы

Бөлісу

2012 жылдың 29 мамырында Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мамидің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХI отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ:

Маджид Абдулазиз ат-Турки – Ислам және шақыру істері бойынша Министрлер Конференциясының Бас хатшысы (Сауд Арабия);

Мунказ Махмуд ас-Саккар – Бүкіләлемдік ислам лигасының ғылыми зерттеулер басқармасының қызметкері (Сауд Арабия);

Булат Лацзипу – Қытай мұсылмандары ассоцияциясы Хатшысының орынбасары;

Хасан Камил Иылмаз – Түркия Дін істері басқармасы Төрағасының орынбасары;

Профессор, доктор Махмуд Фахми Хиджази –  Алматы қ. «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті Египет университетінің ректоры, Египет Араб Республикасының Ислам және уақып істері жөніндегі Министрлік өкілі;

Мұхаммед Зия Уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университетінің Шариғат және құқық факультетінің деканы (Пәкістан Ислам Республикасы);

Мохаммад Умар Гаутам – «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам»  мұсылман ұйымының өкілі (Үндістан).

ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ:

Николас Бейнс - Брэдфорд Епископі, Ангикан шіркеуі Басшысының өкілі;

Протоиерей Георгий Рощин – Мәскеу Патриархатының Шіркеу мен қоғам өзара байланысы Бөлімі Төрағасының Орынбасары (Ресей Федерациясы);

Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бойынша бас сарапшысы (Ватикан);

Епископ Маркос Оганнесян – Армян Апостол шіркеуінің гегаркиникстік епархиясының басшысы;

Епископ Новгородов Юрий Тимофеевич – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің басшысы.

БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Ван Ли – Бүкілқытай буддистер ассоциациясының халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары;

Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы «Чогечон» корейлік буддистік ұйымның зерттеу Институтының өкілі;

Ганхуяг Магсаржав – Ундур Гэгээн Занабазар атындағы буддистік университеттің вице-ректоры (Моңғолия).

ИУДАИЗМ ӨКІЛІ:

Мейр Дэнино – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі.

СИНТОИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Кацуджи Ивахаши – Синтоистік храмдар ассоциациясының халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға қызметкері (Жапония); 

Наоки Мурата – Синтоистік храмдар ассоциациясының халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері (Жапония).

ДАОСИЗМ ӨКІЛІ:

Ли Шуан – Қытай даосистері ассоциациясының халықаралық бөлім қызметкері.

ИНДУИЗМ ӨКІЛІ:

Кала Дханаджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет мұғалімдерін әзірлеу бойынша Ұйымның директоры (Үндістан).

ДУХОВЕНСТВО КАЗАХСТАНА:

Қалижан Заңқоев – «Нұр Астана» Орталық мешітінің бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі;

Архимандрит Сергий – Астаналық шіркеу округының өкілі, Астана қ. Успен кафедралық соборының басшысы;

Борис Манойленко – Қазақстандағы Бас раввиннің көмекшісі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ:

Кайрат Мами – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының Басшысы;

Бағлан Майлыбаев – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары

Рапиль Жошыбаев – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары;

Қайрат Лама Шариф – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы;

Айдар Әбуов – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры;

Қарлығаш Калилаханова – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары.

Съез Хатшылығының XI отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. Діни лидерлер кеңесінің құрамын бекіту
  2. Діни лидерлер кеңесі тұңғыш отырысының күн тәртібін бекіту
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезіне қатысушылар Үндеуінің жобасын бекіту
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығының XII отырысын өткізу күнін айқындау
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығы XI отырысының Хаттамасын қабылдау

Хатшылық келесі шешімдерді қабылдады:

I. Діни лидерлер кеңесінің құрамын мен Бірінші отырысының Күн тәртібін бекіту.

II. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезіне қатысушылар Үндеуінің жобасын бекіту.

III. Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығының XII отырысын өткізу мерзімін 2013 жыл деп айқындау.

IV. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV Съезінің V Съезді 2015 жылы өткізу туралы шешім жобасын бекіту.

V. Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығы XI отырысының Хаттамасын қабылдау.

VI. Діни лидерлер кеңесі мүшелері мен өзге діни өкілдерге қабылданған шешімдер туралы хабарлау.