Қаз

Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің хатшылығы X-отырысының хаттамасы

Бөлісу

2011 жылдың 20-21 маусым аралығында Астана қаласында Қайрат Мәмидің (Хатшылық Жетекшісі) төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі Хатшылығының X-отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

Ислам өкілдері: 

Мәжид Абдұләзиз ат-Түрки – Ислам және шақыру істері жөніндегі министрлер конференциясының Бас хатшысы (Сауд Арабиясы);

Профессор, доктор Махмұд Фахми Хиджази – Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ректоры, Египет Араб Республикасының Вакуф министрілігінің және ислам істері жөніндегі өкілі; 

Мозафари Мохаммад Хусейн – Мәдениет және ислам байланыстары жөніндегі ұйымның Діндер диалогы жөніндегі орталықтың Жетекшісі (Иран); 

Мохаммад Зия-Уль-Хак – Халықаралық ислам университеті Шариғат және құқық факультетінің деканы (Пәкістан); 

Мұхаммед Агус Муляна – Ислам ғалымдары халықаралық конференциясының Бас хатшысының өкілі (Индонезия); 

Мунказ Махмұд ас-Саккар – Бүкіләлемдік ислам лигасы Ғылыми зерттеулер басқармасының қызметкері (Сауд Арабиясы); 

Убейд Хамад аз-Зааби – Біріккен АрабӘмірліктерінің ислам және вакуф істері жөніндегі Бас агенттігінің Қажылық және Умра департаментінің жетекшісі; 

Шах Фахре Алам – «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» Мұсылман ұйымының өкілі (Үндістан); 

Абдұләзиз Абдалла әл-Ғайси – әл-Айн қаласындағыБіріккен АрабӘмірліктерінің ислам және вакуф істері жөніндегі Бас агенттігі өкілдігінің директоры; 

Қалижан Заңқоев – «Нұр Астана» Орталық мешітінің бас имамы, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының төрағасы.

Христиандық өкілдері: 

Протоиерей Георгий Рощин – Шіркеу жәнеқоғам қарым-қатынастары жөніндегі Мәскеу Патриархатының Бөлімі Төрағасының орынбасары (Ресей Федерациясы); Профессор Кристиан Тролль – Киелі престолдың Дінаралық диалогы жөніндегі папа кеңесінің өкілі (Ватикан);

Епископ Маркос Ованнисян – Армян Апостол шіркеуінің Гегаркиник Епархиясының Басы;

Епископ Новгородов Юрий Тимофеевич – Қазақстан Республикасындағы Евангелия-лютеран шіркеуінің басы, Бүкіләлімдік лютеран федерациясының өкілі;

Дін қызметшісі Роланд Жакенуд – Астанадағы Киелі Мария Рим-католик архиепархиясының Бас викариі; 

Архимандрит Сергий – Астана шіркеу округының дін қызметшісі, Астана қаласының Успен кафедралдық шіркеуінің Аға попы; 

Протоиерей Дмитрий Байдек - Астана қаласының Успен кафедралдық шіркеуінің Аға дін қызметшісі.

Буддизм өкілдері: 

Пу Чжен – Бүкілқытайлық буддистер бірлестігінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі; 

Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы «Чогечон» Корей буддист ұйымының зерттеулер институтының төрағасы; 

Даваапурев Саинкхуу – Азиялық буддист орталығыныңхалықаралық бөлімнің қызметкері (Моңғолия); 

Ким Йонг Сунн - «Чогечон» Корей буддист ұйымының Медитативтік орталығының директоры; 

Ван Ли - Бүкілқытайлық буддистер бірлестігінің халықарарлық ынтмақтастық бөлімі жетекшісінің орынбасары.

Иудаизм өкілдері:

Мейр Дэнино – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі; 

Борис Манойленко – Қазақстанның Бас раввинінің көмекшісі.

Синтоизм өкілдері: 

Кацуджи Ивахаши – Синтоист храмдары бірлестігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға маманы (Жапония); 

Наоки Мурата - Синтоист храмдары бірлестігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері (Жапония).

Даосизм өкілдері: 

И Чжихуа – Бүкілқытайлық даосистер бірлестігінің редакциялық бөлімі жетекшісінің орынбасары.

Индуизм өкілдері: 

Кала Дханаджей Ачария - «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» Үнді мәдениетінің мұғалімдерін дайындау жөніндегі ұйымның дирекоры (Үндістан).

Халықаралық ұйымның өкілі: 

Абубакар Франсис – Әлем үшін дін бүкіләлемдік конференциясы Бас хатшысының арнайы өкілі (Танзания, АҚШ).

Қазақстан Республикасының өкілдері: 

Мәулен Әшімбаев – Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары; 

Қайрат Лама Шариф - Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы; 

Айдар Әбуов – Халықаралық мәдениет және дін орталығының директоры.

Съез Хатшылығы отырысының барысында төмендегідей күн тәртібі бекітілді:

  1. Діни лидерлер Кеңесі Тұжырымдамасының жобасын бекіту.
  2. Діни лидерлер Кеңесі Тұжырымдамасын қабылдау формасын талқылау
  3. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері IV съезін өткізу күнін белгілеу
  4. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері IV съезінің тақырыптамасын, күн тәртібі мен өткізу форматын талқылау
  5. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері IV съезінің Хатшылығы X отырысының Хаттамасын қабылдау

Хатшылық отырысы кезінде күн тәртібі бойынша нәтижелі пікір алмасу болды. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша талқылауларға

Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.

Хатшылық отырысы қатысушыларының ұсыныстарын есепке ала отырып, келесі шешімдер қабылданды:

I. Діни лидерлер кеңесі Тұжырымдамасыныңжобасын бекіту (қоса беріледі).

II. Алдағы съезге Діни лидерлер кеңесі Тұжырымдамасын мақұлдау арқылы қабылдауды ұсыным жасау.

III. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Төртінші Съезін өткізу күні деп 2012 жылдың 30-31 мамыр аралығын белгілеу.

IV. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Төртінші Съезінің басты тақырыптамасы ретінде мына тақырыпты белгілеу:

АДАМЗАТТЫҢ ТАҢДАҒАН БЕЙБІТШІЛІГІ МЕН КЕЛІСІМІ

V. Секциялық отырыстардың тақырыптары ретінде мыналарды белгілеу:

  1. Діни лидерлердің тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлі.
  2. Дін және көпмәдениеттілік.
  3. Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи мәселелер.
  4. Дін және Жастар.

VI. Съез Хатшылығының келесі отырысын Астана қаласында 2012 жылдың 28-29 мамыр күндері өткізу. Хатшылық отырысын дайындау және IV Съез қорытынды құжаттары мен шешімдерін келісу мақсатында 2012 жылдың наурыз айында Жұмыс тобының отырысын өткізу, оның құрамы Хатшылықтың IX отырысында бекітілген.

VII. Діни лидерлерге қабылданған шешімдер туралы хабарлау.