Қаз

Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының VІІ отырыс хаттамасы

Бөлісу

2008 жылғы 28-29 қазанда Алматы қаласында Қасым - Жомарт Тоқаев (Хатшылық басшысы) төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының VII- отырысы болып өтті.

Отырысқа мыналар қатысты:

Ислам өкілдері: 

Мухаммад Ахмад Осман Бен Тахер - Исламды насихаттау колледжінің профессоры (Ливия); 

Мохамад Икбал Суллам - «Надлатул Улама» Индонезия мұсылман ұйымының бас хатшысының орынбасары (Индонезия); 

Мухаммад Махмуд ас-Саккар - Дүниежүзілік Ислам Лигасының кеңесшісі (Сауд Арабиясы); 

Маджид бен Абдель Азиз ат-Турки - Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам, вакуфтар, сенім мен уағыз ісі бойынша министр кеңесшісі; 

Шама Мухаммад Абдель Гани Морси - Египет Араб Республикасының Вакуфтар министрінің кеңесшісі (дін ісі бойынша); 

Уль-Хак Мухаммад Зия - профессор, Пәкістан Халықаралық ислам университетінің Шариғат және құқық мәселелері жөніндегі департамент төрағасы; 

Расулипур Расул Алимохаммад - Мәдениет және ислам байланысы ұйымының жанындағы Діндер келіссөздер орталығының директоры (Иран);

Саид Джавад Джалали - Садр атындағы ислам ілімі институтының сарапшысы; Мохаммад Умар Гаутам - Джамиа Миллиа Исламиа Университетінің Исламдық зерттеулер факультетінің профессоры, «Марказул Маариф» оқыту орталығының директоры (Үндістан);

Мухаммад Убейд Аль Мазруи - Ислам мен вакуфтар ісі жөніндіге бас агенттіктің Мешіттер ісі басқармасының бастығы (Біріккен Араб Әмірліктері); 

Аш-Шейх Талеб Мухаммад аш-Шеххи - Ислам мен вакуфтар ісі жөніндегі агенттіктің насихаттау бөлімінің бастығы (Біріккен Араб Әмірліктері); 

Қалижан Занкоев - Нұр-Астана Орталық мешітінің бас имамы, Қазақстан мұсылмандарының рухани басқарма өкілі.

Христиандық өкілдер: 

Халед Акаше -Қасиетті Тақтың дінаралық келіссөз кеңесінің ислам мәселелері жөніндегі бөлім жетекшісі (Ватикан); 

Рощин Георгий Евгеньевич - діни қызметкер, Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланысы бөлімінің қызметкері;

Новгородов Юрий Тимофеевич - Қазақстан Республикасында  Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі; 

Николас Бэйнс -Кройдон епископы, Англикан шіркеуі; 

Маркос Ованисян - епископ, Гегаркуника епархиясының өкілі; 

Митрополит Эммануил - Константинопольдің Экумен Патриархаты; 

Шанта Премавардхан - Дүниежүзілік Шіркеулер Кеңесінің Дінаралық келісім және ынтымақтастық Директоры.

Буддизм өкілдері: 

Ши Цзэнцинь - Бүкілқытайлық буддистер қауымдастығы басқармасының тұрақты мүшесі, Шэньси округінің буддисі; 

Ван Ли - Бүкілқытайлық Буддистер қауымдастығының халықаралық бөлім қызметкері; 

Лувсанжамц Даваням - Моңғолия Будда орталығының Гандантэгчинлэн шіркеуінің қызметкері, «Азиялық Будда Қоғамдастығы» басшысы;

Пхракрупалад Суватханавачиракун - Буддизмді зерттеу институтының директоры (Таиланд); 

Прамаха Сритон Сукхес - Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры (Тайланд);

Чанг Юнг Донг - «Чогечон» Буддистер ұйымының әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры; 

Янг Ки Хун - Орталық Азияда «Чогечон» (Оңтүстік Корея) буддистер ұйымының өкілі (Ташкент).

Иудаизм өкілдері: 

Элькана Хользер - Израильдің Бас Ашкеназий Раввинінің өкілі; 

Мейр Данино - Израильдің Бас Сефард Раввинінің өкілі;

Синтоизм өкілі:

Катцуджи Ивахаши - Синтоисттік храмдар қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға маманы (Жапония)

Даосизм өкілі: 

Фэн Хэ - Бүкілқытайлық даосистер қауымдастығының зерттеулер бөлімінің қызметкері.

Индуизм өкілі: 

Кала Дхананджая Ачария - «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» Үндістан мәдениеті мұғалімдерін даярлау жөніндегі ұйым директоры (Үндістан).

Халықаралық ұйым өкілдері:

Стайн Вильюмстад - «Дүниежүзілік бейбітшілік үшін діндер конференциясы» Бас хатшысының орынбасары (АҚШ); 

Рут Тернер - Тони Блэр діни қорының директоры; 

Кэйт Холдэн - Тони Блэр діни қор өкілі; 

Ажит Йогасундрам - БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментінің өкілі

Жұмысшы топ мүшелері:

Нұрлан Дәненов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орынбасары; 

Ардақ Досжан - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін ісі комитетінің төрағасы; 

Дулат Қуанышев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі.

Отырысқа сондай-ақ қонақ ретінде мына адамдар қатысты:

Мигель Маури Буендиа - Қазақстан Республикасында Апостолдық Нунций;

Ахмад Бен Хаммад аль-Махрази - Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы елшісі; 

Януш Калета-Атырау қ. Апостолдық Әкімгері; 

Мохсин Музафар Накви - Пәкістанның ислам идеологиясы кеңесінің мүшесі; 

Андрей Литовко - епархия хатшысы, Астана және Алматылық Мефодий Митрополиті өкілі; Борис Манойленко - Қазақстанның Бас раввинінің өкілі.

Съезд Хатшылығының отырысы барысында мынадай күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезін өткізу күнін анықтау
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің тақырыбы мен күн тәртібін талқылап анықтау.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының VIII отырысын өткізу күнін анықтау
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының VII отырысының хаттамасын қабылдау.

Хатшылық отырысы барысында күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша жемісті пікіралысу өтті. Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша жарыссөзге Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.

Хатшылық отырысына қатысушылардың ұсыныстарын есепке алып мынадай шешім қабылданды:

I. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші съезін өткізу күні ретінде 2009 жылғы 1-2 шілде анықталсын.

II. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші съезінің басты тақырыбы ретінде:

Діни лидерлердің төзімділік, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді құрудағы рөлі деп анықталсын.

III. Секциялық отырыс үшін:

  1. Адамгершілік және рухани құндылықтар;
  2. Әділдік, бейбітшілік және қауіпсіздік;
  3. Қоршаған орта және үйлесім;
  4. Келіссөз және ынтымақтастық;
  5. Дағдарыс кезеңіндегі ынтымақтастық тақырыптары анықталсын.

IV. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының сегізінші отырысы 2009 жылы 29-30 маусымда Астана қаласында өткізілсін.

V. Діндер лидерлеріне қабылданған шешімдер туралы хабарлансын.