Қаз

Хаттама

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XIX ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ

Бөлісу

2021 жылғы 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XIX отырысы өтті.

 

Отырысқа қатысқандар:

Ислам өкілдері:

Шейх-Уль-Ислам Гаджи Аллахшукюр Паша-Заде Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы (Әзірбайжан).

Абдулазиз Ахмад Сархан – Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшының арнайы Өкілі (Сауд Арабиясы Корольдігі), қашықтан (сөзі қоса беріледі).

Назир Мухаммед Мухаммед аль-Назир Аяд – Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясының бас хатшысы (Египет Араб Республикасы).

Мухаммед бен Абдулуахед Аль-Арифи – Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрдің орынбасары.

Али Эрбаш – Түркия Дін істері басқармасының төрағасы.

Бирджан Ремзи – Түркия Дін істері басқармасы департаментінің директоры;

Мухаммед Зия Уль-Хак – Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан Ислам Республикасы).

Мухаммед аш-Шаххат аль-Джинди – Мысыр Араб Республикасы Уақыфтар министрінің өкілі, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің ректоры.

         Захра Рашидбейги – Иран Ислам Республикасының Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының Ислам және Христиан диалогы департаментінің директоры, доктор.

 

Христиан өкілдері:

Хендерсон Майкл Нектариос – Антидон архиепископы, Иерусалим Аутоцефалиялық шіркеуінің Патриарх өкілі (Израиль).

        Маркос Оганесян – Армян Апостол шіркеуінің украин епархиясының басшысы, епископ (Украина, Львов қаласы).

 Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының дінаралық байланыс жөніндегі Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің хатшысы, дін қызметшісі (Ресей Федерациясы).

 Халед Акаше – Ватиканның Дінаралық диалог бойынша Папалық кеңесінің Ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор (Ватикан).

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

Джо Бейли Уэллс – Англикан шіркеуінің өкілі, Доркинг қаласының епископы (Ұлыбритания).

Иудаизм өкілдері:

Шломо Минахен Кук – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі, раввин.

        Жоель Адлер – Израильдің Бас Ашкенази раввинатының жеке кеңесшісі, Лондондағы еврей қауымдастығының басшысы;

 

Буддизм өкілдері:

Хунхур Бямбажав – Бейбітшілік үшін Азия буддистер конференциясының Бас хатшысы (Моңғолия).  

Ян Ки Хун – «Чогие» Кәріс буддистік ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің және Жаынса ғибадатханасының директоры.

Танес Сучарикул – Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы Президентінің кеңесшісі (Таиланд).

Цзун Син – Қытай Буддистер қауымдастығы Төрағасының орынбасары.

Даосизм өкілдері:

        Чжан Гаочэн – Қытай Даосистер қауымдастығы Төрағасының орынбасары.

 

Синтоизм өкілі:

         Шинсаку Мицуи – «Джинджя Хонче» синтои храмдар қауымдастығы Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі басқармасының төрағасы (Жапония).

Индуизм өкілі:

 

Рудракша Сакрикар – «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламасының хатшысы (Үндістан).

 

Халықаралық ұйымдарының өкілдері:

 

       Мигель Анхель Моратинос – БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі (Испания).

Султан Фейсал аль Римейти – Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы (Біріккен Араб Әмірліктері).  

Намик Гюнер Ерпул - Женевадағы БҰҰ Өркениеттер Альянсы бөлімшесінің Аға Өкілі (Швейцария).

 

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:

 

Наурызбай қажы Тағанұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.  

       Геннадий Қазақстандағы Орыс Православие шіркеуінің епископы, Астана епархиясының викариі;

Томаш Бернард Пэта – Нұр-Сұлтан қаласындағы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископ-митрополиті.

Ешая Элазар Коген – Қазақстанның бас раввині.

Қазақстан Республикасының өкілдері:

 

Мәулен Әшімбаев - Қазақстан Республикасы  Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы.

Аида Балаева – Қазақстан  Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Ақан Рахметуллин – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съезд Хатшылығы басшысының орынбасары.

Серік Егізбаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Съезд Хатшылығы басшысының орынбасары.

         Болат Сәрсенбаев – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқармасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі.

 

Съезд Хатшылығының XIX отырысы барысында қатысушылар келесі Күн тәртібін бекітті:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы және әлемнің пандемиядан кейінгі дамуы жағдайындағы съездің маңызы туралы.
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің пленарлық және секциялық отырыстарының тақырыбы, сондай-ақ отырыстарды өткізу форматы бойынша пікір алмасу.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Қорытынды құжатының форматын айқындау.
  4. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрметті медалін марапаттау өлшемшарттары бойынша пікір алмасу.
  5. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі рөлі туралы.
  6. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының XX отырысын өткізу мерзімдерін айқындау.
  7. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің өтетін күнін мен орнын белгілеу.
  8. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XIX отырысының Хаттамасын қабылдау.

             Хатшылықтың отырысы барысында Күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша нәтижелі және сындарлы пікір алмасу өтті.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша өткен пікірталастарға Хатшылықтың барлық мүшелері ат салысты.

Съезд Хатшылығының XIX отырысына қатысушылардың ұсыныстары ескеріле отырып, мынадай шешімдер қабылданды:

  1. Хатшылық отырысына қатысушылардың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы туралы ақпаратын назарға алу. Съезді өткізу жөніндегі дайындық жұмыстарын жалғастыру.
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің басты тақырыбын айқындау:

Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзат өркениетінің әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі.

 

VII Съездің секциялық отырыстарының тақырыптарын белгілеу.

 

№1-секция: Қазіргі қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайтудағы діндердің рөлі.

 

№2-секция: Азаматтық бейбітшілікті және мәдениеттер мен діндердің толерантты қатар өмір сүруін нығайтудағы білім беру мен діни ағартудың рөлі.

 

 

№3-секция:  Діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық конфессияаралық диалог пен бейбітшілікті қалыптастыруға, экстремизмге, ракикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы іс қимылға қосқан үлесі.

 

 

№4-секция: Әйелдің қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни ұйымдардың рөлі.

 

  1. Декларацияны Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Қорытынды құжатының форматы ретінде декларация мақұлдансын.
  2. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығымен және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрметті медалімен марапаттауға үміткерлерді ұсыну жөніндегі жаңартылған тұжырымдамалық өлшемшарттарды мақұлдау.
  3. Діндер лидерлері Кеңесіне VII Съездің Қорытынды құжатының мәтініне этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі тәжірибесінің маңызы және Жоғары Мәртебелі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі рөлі туралы тезистерді енгізу үшін ұсыну.
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XX отырысын 2022 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы, Нұр - Сұлтан қаласында өткізу.
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр - Сұлтан қаласында өткізу.
  6. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезі Хатшылығының XІX отырысының хаттамасын қабылдансын.
  7. Діни лидерлер кеңесінің мүшелерін қабылданған шешімдер туралы хабардар ету.

Құжат ағылшын және орыс тілдерінде бір түпнұсқада Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 6 қазанында әзірленді, және екі мәтіннің де күші бірдей.

Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының штаб-пәтерінде - Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында сақталады (Нұр - Сұлтан қ), өз кезегінде Орталық әр Тарапқа оның бекітілген көшірмесін жолдайды.