Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев және «Qazaq TV» телеарнасының Бас директоры Майя Бекбаева алдағы ынтымақтастық туралы келісті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Qazaq TV» телеарнасының Бас директоры Майя Бекбаевамен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Орталықтың негізгі қызметіне, сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілуі жоспарланған іс-шараларға кеңінен тоқталды.

Сонымен бірге, Болат Сәрсенбаев сұхбаттас тарапты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі  Хатшылығының жетекшісі М.Әшімбаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен 2021 жылы өтетін ХІХ Съезд Хатшылығының отырысы туралы хабардар етті.

Болат Сәрсенбаев Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «рухани дипломатияны» халықаралық алаңда ілгерілетудегі рөліне жеке тоқталып, Орталық Президенттің «тыңдаушы мемлекет» саясаты аясында масс-медиа өкілдерімен диалогқа дайын екендігін және бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің идеяларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту жөніндегі бастамаларын кеңінен насихаттау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарды белсенді жүргізіп жатқандығын атап өтті.

Кездесу соңында Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, «Qazaq TV» телеарнасы Қазақстандағы ағылшын тілінде хабар тарататын жалғыз арна ретінде бүкіл әлем бойынша ақпарат таратуға қосымша мүмкіндіктер ашатындығына үмітін білдірді.

Өз кезегінде, Майя Бекбаева арнаның тұжырымдамасы туралы қысқаша айтып, сонымен қатар, Орталықтың іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсетуге, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің басшылық құрамымен, әлемнің жетекші діни көшбасшыларымен сұхбат ұйымдастыруға дайындығын білдірді.

Айта кетсек, қазіргі таңда Н. Назарбаев орталығы Съезд идеяларын насихаттау және серіктестік қарым-қатынастарын орнату мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ірі бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыруда.