Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Қазақстандағы апостолдық нунций архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстандағы Апостолдық нунций архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті.

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі маңызды түйіні болып табылатын, түрлі дін өкілдеріне төзімділік және сыйластық қарым-қатынасын жылжытуға атсалысудағы Қазақстанның католик шіркеулері діни көшбасшыларының рөлін ерекшелеп өтті.

Осы жылы Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 29 жыл толуда. Бұл мерзімде Қазақстан мен Ватикан толық өзара түсінушілік пен серіктестікке негізделген сындарлы әрекеттестікті нығайтты. «Қазақстан үшін 2021 жыл маңызды оқиғалармен белгіленген – бұл Тәуелсіздіктің 30-жылдығы, сонымен бірге, Қазақстанға Папа Иоанн Павел ΙΙ-нің тарихи сапарының 20-жылдығы – біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас дамуының маңызды оқиғасы және өзара келісім мен терең сенімділіктің көрнекі дәлелі», - деді Болат Сәрсенбаев.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі ағымдағы жылы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтің, сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігі жетекшілігімен XIX Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының отырысын, сонымен бірге 2022 жылы халықаралық құрметке ие болып, жаһандық өркениетаралық диалогтың маңызды элементіне айналған VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін талқылау болды.

Өз кезегінде, Қазақстандағы Ватикан елшісі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін аса ерекшелеп, әлемде мәдениетаралық диалогты жылжыту және дінаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан және Ватикан арасындағы серіктестікті қолдаудағы Апостолдық нунциатурамен барлық қажетті күш салынатындығына кепіл берді.

Сонымен қоса, Жоғары қасиетті Фрэнсис Ассизи Чулликатт діндердің өзара сыйластығы, бірлігі және бейбіт көршілігіне жетудегі нақты қадамдарын жүзеге асыру мақсатындағы Римдік Папа Франциск пен «Аль-Азхар» ең ірі исламдық университеттің Бас имамы шейх Ахмед ат-Тейиб арасында қол қойылған «Бейбітшілік пен қатар өмір сүру пайдасына адами бауырластық туралы» құжатының маңыздылығына аса көңіл бөліп, XIX Съезд Хатшылығының отырысы және VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық жұмыстары шегінде Н. Назарбаев орталығымен серіктестік ниетін қолдады.

Кездесу соңында, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Апостолдық нунцийді әлем діні – христиан дініне арналған «Бейбітшілік және келісім жолы» халықаралық фотокөрмесіне қатысуға шақырды.